Алматылық медицина ұйымдарына 265 млн теңге айыппұл салынды

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Алматы тұрғындарына көрсетілген медициналық көмек сапасын бақылау барысында 58 мың қызметтің түрлі кемшіліктермен көрсетілгені анықталды. Нәтижесінде қаладағы емдеу мекемелеріне 265 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы бүгін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы директорының орынбасары Жанар Кенжебаева хабарлады.
Айтуынша, кемшіліктің басым бөлігі бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін емханалардан анықталып отыр. Олар 57 мыңнан астам қызметті кемшіліктермен көрсеткені үшін 150 млн теңге көлемінде айыппұл арқалады.
Сонымен қатар, ақаумен көрсетілген 680 қызмет – стационарлар мен стационарды алмастыратын көмек ұйымдарына тиесілі. Аталған кемшіліктер үшін 100 млн теңге айыппұл салынған.
«Мониторинг барысында анықталған кемшіліктердің дені емдеу-диагностика барысында белгіленген стандарттардан ауытқу, медициналық құжаттарды дұрыс толтырмау, қызмет бағасын негізсіз өсіру сынды олқылықтарға келіп саяды. Сонымен қатар, «көрсетілді» деп жазылған белгілі бір қызмет түрлерінің шын мәнінде көрсетілгенін растай алмаған клиникалар да бар», – деді Жанар Кенжебаева.
Бұған дейін хабарланғандай, МСҚ көрсетілген қызмет сапасына тұрақты бақылау жүргізіп отырады. Бүгінде дәрігер көмегіне жүгінбеген адамды «қабылдауда болды» деп жазу мәселесі жұртшылық арасында өзекті мәселеге айналғаны белгілі. Биылғы қаңтар-наурыз айлары аралығында филиал мамандары азаматтардан түскен арыз-шағымдар нәтижесінде осындай 50 фактіні анықтап, емхана-амбулатория деңгейінде жүргізілген мониторинг барысында медицина ұйымдарына 1,5 млн теңге айыппұл салды. Қайтарып алынған қаражат медициналық көмектің өзге түрлеріне жұмсалады, деді филиал басшысының орынбасары.
Естеріңізге сала кетсек, оңтүстік астанада 226 медицина ұйымы тегін медициналық көмек және МӘМС пакеттері шеңберінде қызмет көрсетеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста