Алматылық дәрігерлер тұңғыш рет бірегей ота жасап, әйелдің репродуктивтік органдарын сақтап қалды

Жоғары технологиялы операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалды.

№2 Қалалық перинаталды орталыққа баланың жолдасы жатыр қабырғасына жабыса біткен жүкті әйел түсті. Сирек кездесетін қалыптан тыс жағдайды жүктілікті бақылаған емхана дәрігерлері анықтаған.
Хабарламаға сүйенсек, пациент бұған дейін 2013 жылы босанған. Ал, 2017 жылы екінші баласын кесарь тілігімен босаныпты. Клиника дәрігерлері ана мен бала өмірін сақтап қалу үшін кешенді клиникалық-зерттеу жүргізіп, емнің ең тиімді деген әдісін таңдап алды. Себебі жатырға қағанақтың жабыса бітуі және бұрынғы отадан қалған тыртық салдарынан кәдімгі кесарь тілігін жасау қауіпті еді. Көп жағдайда операция кезінде қан кетіп, әйелдің жатырын алып тастауға тура келетін, дейді мамандар.
Консилиум нәтижесінде дәрігерлер әйелдің репродуктивтік органдарын сақтап қалуға күш салмаққа бел буды.
«Жатырдың түбіне кесарь тілігі арқылы метропластика деп аталатын ота жасап, О`Leary әдісі бойынша жатырдағы қан тамырларын байлау туралы шешім қабылданды. Содан соң компрессионды тігіс әдісі қолданылды. Бұрын Мәскеулік дәрігерлер қолданып жүрген әдіс тұңғыш рет Алматыда да жасалды», - дейді бас дәрігердің орынбасары Қымбат Әбрайымова.
Жоғары технологиялы операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалды. Нәтижесінде салмағы 2730 грамм болатын қыз бала дүниеге келді.
Бір айта кетерлігі, әдетте баланың жолдасы әйел босанғаннан кейін өздігінен түседі. Ал қағанақ жатырға жабыса біткен жағдайда қолданылатын механикалық тәсіл салдарынан қан кетеді. Осының алдын алу мақсатында жатырдағы қан тамырлары байланды. Нәтижесінде мамандар жатырдың қағанақ біткен жерін алып тастап, аналық органды қалпына келтіру мақсатында астыңғы бөлігіне пластика жасады.
«Ота сәтті өтті. Әйелдің жатырын сақтап қалдық. Қазір баланың да, ананың да жағдайы жақсы. Олар тәулік бойы мамандардың бақылауына алынды», - дейді Қымбат Әбрайымова.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста