Бүгін таңертең Алматы тұрғындарының басым көпшілігі жаңбырдың астында қалғанда, таулы аймақтарда қар жауған.
Тіпті "Шымбұлақ" шипажайында алғашқы қардан аққала да жасап қойыпты. Оның суреті әлеуметтік желілерде кеңінен таралды.
Тағы оқыңыздар: Түркияда жол апатына түскен қазақстандықтар елге арнайы ұшақпен келуден бас тартты
"Бүгін керемет күн. Көптен күткен қыс мезгілінің жақындап қалғаны соншалықты, таңертең бізге осындай тосын сый жасады", — делінген шипажайдың Instagram желісіндегі парақшасында.