Алматыдан Парижге қатынайтын әуе рейсі ашылды

Енді Астанадан Парижге 7 сағатта жетуге болады. «Эйр Астана» компаниясы 29 наурыздан бастап Елорда арқылы Алматыдан Парижге қатынайтын әуе рейсін іске қосты.

Жаңа бағыт Қазақстан мен Франция арасындағы экономикалық, мәдени және туристік қатынастың нығаюына сеп болмақ.

Бұған дейін Алматы мен Парижді жалғайтын тікелей рейс болмаған. Сәрсенбі, жұма, жексенбі күндері, яғни, аптасына 3 рет қатынайтын әуе кемесі Алматыдан ұшып шығып, Елордада ұшақ ауыстырмастан бірден Франция астанасына бет алады. «Boeing 757» әуе кемесінің бизнес санатында 16 орын, эконом санатында 150 орын бар.

Питер Фостер, «Эйр Астана» АҚ президенті

- Қазір аптасына мың жолаушы тасымалдауды жоспарлап отырмыз. Яғни шамамен әуе кемесіндегі орындардың 60 пайызы қамтылады. Осылайша бір жылда 20 мың жолаушы тасымалдаймыз. Бұл рейспен Астана және Париж тұрғындарымен қатар, өзге ел азаматтары да ұшады деп сенеміз. Қазірден Қазақстан арқылы Францияға қатынайтын қытайлықтар саны көп.

Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы жылына 5 млрд еуроны еңсереді. Ал туристер саны 5 мың шамасында. Жаңа бағыт екі ел арасындағы экономикалық, мәдени және туристік қатынастың нығаюына сеп болмақ.

Рәділбек Әдимолда, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

- Бұрын Парижге Франкфурт арқылы ұшатын. Содан кейін бізге австриялық авиалиния Вена арқылы ұшатын Францияға жету үшін. Парижді білесіздер туристік орталық Киев арқылы, Минск арқылы ұшатын. Енді қазір тікелей.

Астанадан Парижге барып-келу үшін, эконом санат билеттерін 101 мың 557 теңгеге аласыз. «Эйр Астананың» сыйы мұнымен шектелмейді. Әуе компаниясы 2016-2017 жылдары Астанадан тікелей Тбилиси, Сеул қалаларына қатынайтын жаңа рейстерді іске қоспақшы. «Экспо-2017» қарсаңында бұл бағыттардың маңыздылығы арта түспек.

Авторлары: Гүлмайра Қуатбайқызы, Есбол Жәмшитов

khabar.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста