Алматыдан Оралға шыққан ұшақ Ақтөбеге шұғыл түрде қонды
Алматыдан Оралға ұшып шыққан "Эйр Астана" әуекомпаниясының ұшағы бүгін шұғыл түрде Ақтөбе қаласына қонды деп хабарлайды NUR.KZ.
Иллюстративное фото: samolety.org
Иинвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі көлік апаттары мен оқиғаларын тексеру департаментінің өкілдері осы мәселе бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп жатқандығын атап өтті хабарлайды ҚазАқпарт.
«Иә, «Эйр Астана» әуе компаниясының Алматы-Орал бағытымен ұшқан ұшағының борттағы компьютері қозғалтқышта ақау бар екендігін көрсеткен. Сол себепті экипаж мүшелері Ақтөбеге қону қажет деген шешім қабылдады. Осы уақытта ұшақ қажетті жеріне сәтті қонып үлгерді. Енді министрлікте аталмыш оқиғаның себеп-салдарын анықтау бойынша арнайы комиссия құрылады», — деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Бортында 76 жолаушысы бар ұшақ 12 сағат 40 минутта қажетті жеріне сәтті қонған.