Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 860 шақырым жерде Ауғанстан аумағына жақын аймақта жер сілкінісі орын алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "СОME" ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 2023 жылғы 12 наурызда Алматы уақыты бойынша 05:41:39-да жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 860 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.4, магнитудасы MPV 4,6, эпицентрінің координаттары 37,13° солтүстік 70,64°Ш тереңдігі 15 км.