Алматыдан 220 шақырымда жер сілкінді

Алматыдан  220 шақырымда жер сілкінді

Кеше Алматы облысында кезекті жер сілкінісі тіркелді. Мамандардың мәліметінше, магнитудасы 4,1 болатын жерасты дүмпулерінің әсері Алматы қаласы аумағында байқалған жоқ.
«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме­лік экспедиция» мекемесі мамандарының хабарлауынша, жер сілкінісі Астана уақы­ты бойынша сағат 07:40 шамасында тір­келген. Оның эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 220 шақырымда, 10 шақырым тереңдікте анықталды. Жер сілкінісінің сол жердегі энергетикалық кла­сы 9,9 болған. Сейсмикалық тербеліс­тердің сезілуі туралы мәлімет жоқ. Сілкі­ністі «Алматы» сейсмологиялық обсерва­тория орталығының жедел операторы ал­ғаш есепке алған. Қазақ ұлттық деректер ор­талығы жариялаған мәлімет сәл бас­қаша. Орталық сілтеме жасаған Ұлттық яд­ролық орталықтың Геофизикалық зерт­теулер институтының мамандары жер сіл­кінісінің магнитудасы 3,6-ға тең және оның эпицентрі 3 шақырым тереңдікте бол­ған деп отыр. Алматы облысында бұ­дан бір тәулік бұрын да жер сілкінісі тір­келген болатын. Магнитудасы 3,4 болатын дүмпулердің ошағы Алматыдан 230 ша­қы­рым жерде анықталды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста