Жетісу ауданында тұрып жатқан тұрғындарға қолайлы болу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығы енді қызметтерді жаңа мекенжай бойынша көрсететін болады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Егер азаматтар бұрын қызметтерді Төле би көш., 155 мекенжайы бойынша тар үй-жайда алуға мәжбүр болса, енді ХҚКО бөлімі Құлагер шағын ауданының жаңа ғимаратында орналасты. «ХҚКО» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Данияр Ахметовтың айтуынша, жаңа ХҚКО өтімділігі – шамамен 2000 адам, бұл орайда ескі ғимаратта күніне мыңнан астам қызметтерді ғана алуға болатын. Жаңа ХҚКО-да 67 инспектор жұмыс жасайды, клиенттерге қолайлы болу үшін аумақта 30 тұраққа қою орны орналасқан, ғимарат мүмкіндігі шектеулі келушілер үшін қолайлы пандуспен және шақыру батырмасымен жабдықталған. «Жаңа ХҚКО-ның күту залы кең, жаңа жиһазбен жабдықталған және қалыпты жағдайда жұмысын бастап кетті», - дейді Ахметов. Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушыларға қолайлы болу үшін ғимаратта «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жабдықталған, ол жерде электрондық қызметтерді өз бетінше алуға болады. Қазіргі уақытта, Алматыда мамандандырылған ХҚКО-ны қоса 9 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды. Жылдың басынан Алматы қаласының ХҚКО-лары 4 млн. астам мемлекеттік қызметті, оның ішінде 2,9 млн қызметті – электрондық форматта көрсетті. Жылдың басынан бастап көрсетілетін қызметті алушыларға ыңғайлы болу үшін Оралда, Шымкентте, Алматының Наурызбай ауданында ХҚКО-лар, Қызылордада, Қостанай мен Ақтөбеде мамандандырылған ХҚКО-лар ашылғандығын, сондай-ақ Астана қаласы Сарыарқа ауданының ХҚКО-сы С көшесі 409, 13 жаңа мекенжайына көшкендігін естеріңізге саламыз.
baq.kz