Алматыдағы жаңа трамвай қай көшелермен өтеді

Алматыда 25–27 қаңтар аралығында қаланың 2040 жылға дейінгі даму бағытын белгілейтін жаңа бас жоспар талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Құжатқа сай мегаполисте алғашқы жеңіл рельсті көлік желісі (LRT) 2025–2030 жылдар аралығында дайын болады. Ол қаланың батысындағы «Барлық» базарынан Төле би көшесінің бойымен Желтоқсанға дейін созылады, одан солтүстікке қарай Алматы-2 вокзалына, одан әрі Райымбек даңғылы арқылы қаланың шығыс шекарасына бет алады. Жол ұзындығы 31 шақырым болады.

 

Tengrinews.kz порталы «Алматыбасжоспар» ҒЗИ" ЖШС бас директоры Асхат Садуовқа сілтеме жасап хабарлағандай, LRT жобасына Торайғыров және Момышұлы көшесінде бұрыннан бар жолдарды пайдалануға болады. Олар Жароков көшесінің Төле биге дейінгі бөлігімен бірге LRT желісінің екінші кезеңіне енеді. Бұл кезеңнің құрылысы 2027–2032 жылдарға жоспарланған.

 

 

Ұзындығы 29 км болатын үшінші желі қаланың төменгі бөлігінде батыстан шығысқа қарай салынады, ол ҮАК және Хмельницкий көшесінің бойымен өтеді. Ал бір тармағы солтүстікке бет алып, Боралдайда салынатын Алматы-3 вокзалына барады.

 

Кейінгі 10 жылда шенділер Алматы қаласы мен облыста LRT желісін салу жайлы көптеген жоба ұсынды, жоғарыда біз жазған жоба да соның бірі. 2019 жылы құрылыс басталатыны туралы ақпарат шыққан, бірақ бәрі сызба мен жоспар күйінде қалды. Ал былтыр Қонаев қаласына (бұрынғы Қапшағай) осындай желі тарту жобасы жасалды.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста