Биыл Райымбек батыр кесенесі жаңартылады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпараттілшісі.
Ресми деректерге сүйенсек, бүгінгі күні Алмалы ауданында 45 мәдени-демалыс нысаны мен 53 тарих және мәдениет ескерткіші бар. «Биыл Мәуленов көшесінде жаңа кітапхананы аштық, онда коворкинг аймағы мен балаларды дамыту орталығы жұмыс істейді. Осылайша, аудан кітапханаларының жалпы саны 8-ге жетті. Аудан кітапханалары 10 парк пен скверлерде балалар мен жасөспірімдерге арналған ойын-сауық бағдарламалары бар «Жарқын жаз» маусымдық жобасын іске асырып жатыр», – деді қала әкімі Ерболат Досаев. Сонымен қатар, ол биыл Райымбек батыр кесенесі жағыртылатынын атап өтті. Жөндеу жұмыстары 2023 жылы аяқталады.
ҚазАқпарат