Алматыда жедел медициналық жәрдем қызметінің 15 қосалқы стансасы салынады

Алматыда жедел медициналық жәрдем қызметінің 15 қосалқы стансасы салынады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
«AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалының өңірлік сайлауалды бағдарламасында медицина саласындағы өзекті мәселелер назардан тыс қалған жоқ. Бұл туралы қалалық СПИД орталығының ұжымымен болған кездесуде депутаттыққа үміткерлер Жандос Нәдіров, Бекзат Шуақов мәлімдеді.

Бағдарламаның ең алдымен қоғамның қажеттілігіне, сұранысына негізделгенін айтқан кандидаттар «AMANAT» партиясының Алматы қаласы бойынша алдағы 5 жылға арналған сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп өтті. 

«Сайлауалды бағдарламада дәрігер мамандығының мәртебесін заңнамалық тұрғыда бекітеміз және медицина қызметкерлерін қорғау мен қолдаудың тиімді тетіктерін енгізуге ықпал етеміз», – деп сендірді Ж.Нәдіров.
Өз кезегінде кандидат Бекзат Шуақов та көпшілікке бұл жиынның мәні мен мазмұнын түсіндіріп, елдің келешегін айқындайтын елеулі шарада баршаны белсенділік танытып, «AMANAT»-қа дауыс беруге шақырды.

Бұдан өзге депутаттыққа кандидаттар Игорь Проценко, Ақнұр Жұмабаева, Ұлықбек Шалқарұлы қаладағы №16 емхананың ұжымымен кездесті. Жиында сайлауалды бағдарламаға сәйкес, 10,8 мың медицина қызметкерінің біліктілігін арттыру бойынша бастама көтерілетіні тілге тиек етілді. Үміткерлер мегаполистегі 42 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысанының қайта құрылуын, жабдықталуын, күрделі жөндеуден өтуі қатаң бақылауға алатындарын жеткізді.

Бұдан өзге жұмыс істеп тұрған 10 стационарды кезең-кезеңімен қайта құру және 3 стационардың құрылысын жүргізу көзделген.

Кандидаттар қаланың барлық аудандарында жедел жәрдем бригадаларының келу уақытын қысқарту үшін жедел медициналық жәрдем қызметінің 15 қосалқы стансасын салуға және бесеуін қайта құруға ықпал ететіндіктерін жеткізді.

Бұл шаралар денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығын қысқартуға, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, өмір сүру ұзақтығын 77,8 жасқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Кездесу барысында қызметкерлер кандидаттармен өздерінің мәселелерімен бөлісіп, қойылған сұрақтарына жауап алды.

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста