Алматыда үш тілдегі ертегілер кітабы жарық көрді
Алматыда балаларға арналып жаңадан шыққан «Театральный карманчик» кітабы таныстырылды. Шағын жинаққа енген бес орыс ертегісі қазақ, француз және орыс тілдерінде жарияланған.
Атап айтқанда, кітапқа «Репка» және «Теремок» атты орыс халық ертегілері, Сергей Маршактың «Ақымақ тышқан туралы ертігісі», Корней Чуковскийдің «Телефоны», сонымен бірге, Сергей Прокофьевтің аттас симфониясы негізінде жазылған «Петя және қасқыр» ертегісі енген. Бұған дейін қазақшаға да, французшаға да аударылған ертегілер бұл жолы мектеп сахнасында қоюға лайықталып пьеса түрінде жазылған.
Кітап шығару идеясының авторы Юлия Эльдарофф ертегілерді орыс тіліне аударған. Ал қазақ тіліне «Француз альянсы» мәдени-ағарту қоғамдық ұйымының қызметкері, бастауыш сыныпта 40 жыл сабақ берген Нәзираш Еспембетова тәржімалаған.
Тиражы мың дана жаңа кітаптың тұсаукесері Алматыдағы Ресей бас консулдығында өтті. Онда балалар кітаптағы шығармалардың бірі – «Ақымақ тышқан туралы ертегі» қойылымын көрсетті.
«Театральный карманчик» кітабын шығаруға «Француз альянсы» қоғамдық ұйымы, Ресейдің «Россотрудничество» мәдени орталығы мен «Француз үйі» компаниясы жәрдемдескен.