Алматыда такси жүргізушісіне 18 жерден пышақ сұққан (ВИДЕО)

Алматыда үш ер адам такси жүргізушісін 18 жерінен пышақтап, көлігін айдап кеткен. Қазіргі таңда олар іздестіріліп жатыр.

12 наурызда такси жүргізушісі Аманбек жұмысқа шыққан. Өзінің кезекті тапсырысында ол үш адамды Думан ықшамауданынан Алматы әуежайына қарай алып кеткен. Әуежайға жеткен бойда ер адамдар жүргізушіні сыртқа шығарған.

«Бауырым, артқы дөңгелегің жарылып қалыпты» деді. Ойымда ештеңе жоқ. Көліктен түстім де, артына бардым. Еңкейіп қарадым. Дөңгелегім сап-сау. Басымды көтере бергенде бірден пышақпен ұрды. Ешқандай сөзсіз, ештеңе айтқан жоқ» деді Аманбек Алматы телеарнасына берген сұхбатында деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы orda.kz.сайтына сілтеме жасап

Ер адамдар Аманбектің денесіне 18 рет пышақпен ұрып, артынша оны өз көлігіне салып, белгісіз жаққа бет алады.

«Пышақты дайындап отырды. Ашығын айтқанда, бауыздамақ болды. Содан бір жерге тоқтады. Мені түсіріп алды, ал менің аяғым жансызданып қалған, далада тастап кетті» дейді зардап шегуші.

Аманбектің әкесі бұл сұмдық туралы тек кешкі 23:00 шамасында естіген. Оған белгісіз адам қоңырау шалып, барлығын айтып берген. Аманбек қоқыс арасынан табылған. Артынша ауруханаға жеткізіліп, оған үш сағат бойы ота жасаған.

«Екі қызы, келіншегі бар. Бәріміздің асыраушымыз. Күнделікті жұмысына барып келеді. Қылтың-сылтыңы жоқ. Үміт күтіп отырған жалғыз ұлым. Менің айтарым, ол жауыздар тезірек табылып, өз жазасын алса екен» дейді жәбірленушінің әкесі Ахмет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста