Алматыда қарбыз жәрмеңкесі өтеді
25 тамыз күні «Атакент» алдындағы алаңда Arbuz-Fest-2018» екінші қарбыз жәрмеңкесі өтеді. Оған Алматы облысының 5 ауданы қатысады, деп хабарлайды Алаш айнасы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған жәрмеңкеге Алматы облысының Іле, Қарасай, Жамбыл, Ұйғыр және Талғар ауданының фермерлері қатысып, өз өнімдерін халыққа ұсынады. Атап айтар болсақ 24 тонна қарбыз бен 6 тонна қауын жеткізілмек. Өткен жәрмеңкеде 10 тонна өнім әкелінген.
«Осы жылдың алғашқы қарбыз жәрмеңкесі екі апта бұрын Алматыда өткен еді, ол кезде барлық өнім екі сағаттың ішінде сатылып кетті. Қала тұрғындарының үлкен сұранысы мен науқаншылдықты ескеріп екінші жәрмеңкені ұйымдастыру шешімі қабылданды. Бұл жолғы жәрмеңкеге басқа аудандар да шақырылды», -дейді Алматы қаласының Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Абызбаев.
Жәрмеңке таңғы сағат 8 ашылады. Ең белсенді қатысушыларды байқаулар мен бағалы сыйлықтар күтіп тұр. Өткен жолғы байқаулардың бірінде жеңімпаз спорттық велосипед ұтып алған.