Алматыда қар мен жаңбыр жауып, көктайғақ болады

Алматыда қар мен жаңбыр жауып, көктайғақ болады

"18 ақпан, сенбі күні Алматыда тұман түсіп, қар мен жаңбыр жауып, көктайғақ болады деп күтілуде",- деп мәлімдеді қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылар жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және қашықтықты сақтауға шақырды.

Жаяу жүргіншілерге тротуарда сақ болып, аса қажеттілік болмаған жағдайда үйден шықпағаны абзал.

Алматы қаласының ТЖД жаяу жүргіншілерге бірқатар кеңес берді:

- есіңізде болсын, қар мен көктайғақ кезінде көлік жүргізу күрт нашарлайды және жүргізушінің көлікті бақылауды жоғалтуы мүмкін, нәтижесінде жаяу жүргіншілерді қағып кету ықтималдығы басым;

- көшелерден жол қозғалысы ережелерімен, белгіленген орындарда өту керек;

- абай болыңыз, жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т. б. алаңдамаңыз;

- әрқашан алдыңызға, аяқтың астына қараңыз;

- аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек. Аяқ киім бұдырлы өрнегі бар, тайғанамайтын материалдан жасалған, тегіс табанды болуы тиіс;

- қолыңызды қалтаңызда ұстамаңыз, бұл сізге мұзда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік бермейді;

– есіңізде болсын, тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары, дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті өз үйіңіздің кіреберісі - адамдар жиі жарақат алып құлайтын жер.

Бұған дейін Қазгидромет синоптиктері 18-20 ақпан аралығындағы ауа райына болжам жасаған еді.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста