Алматыда қалың қар жауып, қатты көктайғақ болады: Ескерту жарияланды

Алматыда қалың қар жауып, қатты көктайғақ болады: Ескерту жарияланды

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті ауа райына қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

17 -18 қараша күні Алматыға қар жауып, қалың тұман түсіп, қөктайғақ болады.

 
Осыған байланысты ТЖД көлік жүргізушілеріне мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады: 

- Жолға мұқият назар аударыңыз, қозғалыс кезінде телефонды пайдаланбаңыз және машинаны басқаруға кедергі келтіретін бөгде әрекеттерге алаңдамаңыз;
- Есіңізде болсын: егер сіз көлік жүргізу кезінде кенеттен тоқтасаңыз, дөңгелектер құлыпталып, көлік құралын жүргізуге кедергі келтіреді;

- Жол қозғалысы ережелерін, қашықтықты сақтаңыз, кенеттен маневр жасаудан және басып озудан аулақ болып, жаяу жүргіншілерге абай болыңыз, айналаңыздағы автокөліктерді қадағалаңыз.

Жаяу жүргіншілерге арналған ұсыныстар:

- Есіңізде болсын, қар мен көктайғақ кезінде көлік жүргізуші бақылауды жоғалтуы мүмкін, нәтижесінде жаяу жүргіншілердің қағып кетуі мүмкін;

- Көшелердегі жол қозғалысы белгіленген орындарда өту керек;
- Абай болыңыз, жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т. б. алаңдамаңыз;

- Әрқашан алдыңызға және аяқтың астына қараңыз;

- Аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек. Аяқ киім тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болуы тиіс;

- Мұз қатқан жолда тепе-теңдікті сақтау үшін қолыңызды қалтаңызға салмаңыз;

- Есіңізде болсын, тротуарлар, көлік аялдамалары, дүкендерге кіреберістегі баспалдақтар, тіпті өз үйінің кіреберісі- адамдар жиі құлап, жарақат алатын жерлер.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста