Алматыда митинг өткізуге тыйым салынбақ
Алматыда көптеген адамдардың қатысуымен митингілерге тыйым салу мәселесі қарастырылуда. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жандарбек Бекшин митингтерге шектеу енгізуге бірқатар себеп бар екенін айтты.
 "Естеріңізге сала кетейін, біз ауқымды митингтерге тыйым салу мәселесін де қарастырып жатырмыз. Қыркүйек айында оларға рұқсат берді, содан кейін өйткені вирус жұқтыру жағдайы қалыпты еді. Митингтер қауіпсіздік шараларын сақтай отырып өткізілді. Бірақ қазір жағдай өзгеруде", - деді Бекшин.
Сонымен қатар, бір отбасы мүшелерінен басқа 10 адамның жиналуына тыйым салынатыны белгілі болды.
Еске салсақ, осыған дейін Жандарбек Бекшин қалада эпидемиологиялық жағдайдың нашарлап жатқанын айтқан болатын.