Алматыда митинг өтіп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де "Сары Арқа" кинотеатрының маңында жиналды. Белсенді Әлгұр Ильяшев ұйымдастырған. Осыған дейін ол қала билігінен бейбіт митинг өткізуге рұқсат алды.
Шамамен 200-ге жуық адам жиналды. Кейбіреулерінің қолында плакаттар болды. Шеру тыныш өтіп жатыр. Жиналғандарға бейбіт митинг өткізудің ескертулерін таратты.
Мамандандырылған трибунада қоғам белсенділері сөз сөйлеп жатыр.