"Қазгидромет" филиалының жетекші синоптигі Алматыда ауа райы қашан жылынатынын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Көктемгі ауа райының алдын ала болжамын брифинг барысында "Қазгидромет" РМК Гидрология департаментінің директоры Әділ Ахметов мәлімдеді.
Оның айтуынша, биыл күн ерте жылынып, көктем ерте келеді.
Наурыздың алғашқы күндерінің өзінде күндіз термометр + 10+15 градусты көрсетсе, түнде аздап салқын болады.
Наурыздағы ауа райы болжамы15 ақпанда жарияланады.