Алматыда колледжде болған жарылысқа қатысты айыпталушылардың бірі кінәсін жартылай мойындады

Алматыдағы Сән және дизайн колледжінде болған жарылысқа қатысты бүгінгі сот отырысында айыпталушылардың бірі кінәсін жартылай мойындады. Ғабит Қарабалаевтың адвокаты енді оны тек шартты жазаға кесуді сұрап отыр. Айта кейтейік, бұл оқиға үшін 3 мұғалім айпталуда.

Бүгін Қарабалаев болған оқиғаны толығымен айтып берді. Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі жарылыс болатын күні «Қорғаныстағы жауынгер» тақырыбында сабақ өтпек болыпты. Ол үшін жасанды граната мен патрондар қолдану қажеттілігі туған. Алайда гранатаның шынымен жарылғыш зат екенін мұғалім білмедім дейді. Айта кетерлігі, соның алдында ғана дәл сол құралды қолданып, қазақ тобына сабақ өткізген екен. Бірақ ол кезде ешқандай шатақ шықпаған. Сондықтан Ғабит Қарабалаев тек абайсыз жағдайда жарақат келтіргенін және өлімге жеткізгенін мойындайды. Сондай-ақ, жарылыстан қаза тапқан Светлана Яковлева мен жарақат алған басқа да студенттердің ата-аналары Қарабалаевқа кешірім беріп, жазасын жеңілдетуді сұрағанын айта кетейік. Осыған байланысты, колледж мұғалімі абақтыға қамалмай, тек шартты жазаға тартылуы мүмкін.

Қолғанат Қабанбаева, Ғ. Қарабалаевтың адвокаты:

-Ол өзін жартылай кінәлімін деп мойындайды. Гранатаны өзіммен бірге заңсыз алып жүрген жоқпын, оларды тек сабақ өту үшін қажетті жабдық ретінде ғана қолдандым дейді. Заңсыз қару-жарақты өзімен бірге сақтады деген бап бойынша оны ақтауға тырысамын.

Автор: Ербол Тұрымбет

www.ktk.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста