Алматы қаласында эхинококкоз ауруы өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға көбейіп кетті. Жылдың басынан бері жұқпалы аурудың 42 дерегі тіркелген.
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті мамандарының мәліметінше, қалада эхинококкоз ауруына қатысты нашар ахуал қалыптасып отыр. Өткен жылы ауру көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 2,1 жағдайдан келсе, биыл бұл деңгей 2,7-ге көбейіп отыр, көрсеткіш 23%-ға жоғары. Ауру жұқтырғандардың 60%-ға жуығы – зейнеткерлер. Мамандардың мәліметіне қарағанда, бұл ауру 2012 жылы да алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,5%-ға көбейген болатын, демек, эхинококкоз жұқтыру жағдайлары жыл сайын артып келеді. Бауыр, өкпе және басқа да ішкі органдарға еніп, құрылым түзетін құрттардың әсерінен болатын созылмалы ауру, негізінен, иттерден жұғады. Иттерден малға, соның етімен адамға жұғуы да мүмкін. Сол себепті мамандар үйдегі жануарларды ветеринарларға тұрақты қаратып тұруды ескертеді. Эхинококкоз қоздырғыштарының адамға жабайы аңдардан жұғатын жағдайлары да кездеседі.
Алматыда эхинококкоз ауруы белең ала бастады
Последние статьи автора