Компания келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды.
Алматыда бірқатар көше жылу желілерін қалпына келтіру үшін 3 айға жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алматы жылу жүйесі» кәсіпорнының мәліметінше, 2023 жылдың 29 мамыр мен 30 тамыз аралығында Алмалы ауданындағы Бөгенбай батыр көшесі (Байтұрсынов көшесінен Наурызбай батыр көшесіне дейін аула ішілік аумақ бойынша) жабылады.
Жетісу ауданында 31 мамырдан 1 тамызға дейін Расков көшесінің бойы ( Есенов көшесінен Колпаковский көшесіне дейін одан әрі №143 мектеп-лицей ғимаратына дейінгі) бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі.
1 маусым мен 30 тамыз аралығында Шаляпин көшесінде ( Солтүстік бағытта Момышұлы көшесінен Саин көшесіне дейінгі аула ішілік аумақ бойынша) жол жабылады.
«Енгізілген шектеулер аталған көше сегменттерінің жүріс бөлігінің астында өтетін құбырларды қайта құру үшін қажет. Жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдайды сақтау үшін үйлерге ыстық су уақытша схема бойынша берілетін болады»,- деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС баспасөз қызметі.
Компания келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды.
Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.