Алматыда белгілі заңгерді өлтіруге қатысты іс сотқа жолданды
Алматыда адвокат әйелді бұрынғы күйеуінің өлтіруне қатысты іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы қалалық прокуратурасына сілтеме жасап.
«Өткен жылдың 8 қазан күні қоғамға танымал заңгер А.К. Асанова өлтірілген болатын. Бұл факті Алмалы аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді. Оның бұрынғы жұбайы Н. прокуратураның келісімімен күдікті деп танылды. Ол соттың санкциясымен қамауға алынды. Биыл 14 ақпанда Алмалы аудандық прокуратурасы қылмыстық істі сотқа жіберді», – делінген хабарламада.
Еске салайық, өткен жылы 8 қазан, сағат 23:00 шамасында 1980 жылы туған А. есімді заңгер әйел көптеген пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, 12 қазанға қараған түні медициналық мекемеде қайтыс болған.