Алматыда балаларға 46 млрд теңгеге медициналық көмек көрсетілді

Өткен жылы оңтүстік астана бойынша балаларға көрсетілген медициналық көмек түрлеріне Қор тарапынан 46 млрд теңге төленді. Оның 24,5 млрд теңгесі МӘМС пакетіне тиесілі, деп хабарлайды МСҚ Алматы қалалық филиалы.
Хабарламаға сүйенсек, Алматы қаласы бойынша емханаларға 643 мыңға жуық бала тіркелген. Былтыр оларға Алматы қаласы бойынша ТМККК және МӘМС аясында 46 млрд теңгенің медициналық көмегі көрсетілді. Шығынның негізгі бөлігін емханалық-амбулаторлық көмек құрады. Оған Қор 25,6 млрд теңге жұмсады. Осы кезеңде 60 мыңға жуық бала тәулік бойғы стационарларда емделген. Оған 17,1 млрд теңге, күндізгі стационарларда емделген 3 мың баланың еміне 304 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалды, делінген хабарламада.
«МӘМС жүйесі балаларды емдеуге және олардың денсаулығын сақтауға жұмсалатын қаржы көлемін арттыруға мүмкіндік берді. Балаларға жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын операциялар үшін 10,8 млрд теңге жұмсалды. Оның 9,3 млрд теңгесі сақтандыру қаражаты есебінен төленді. Сонымен қатар, Қазақстанда жоспарлы стоматологиялық көмек балаларға тегін көрсетіледі. 2022 жылы оған 2,7 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды», - дейді филиал басшысы Тілеухан Әбілдаев.
Сондай-ақ, аурудың алдын алуға бағытталған профилактикалық тексерулерге көп көңіл бөлініп отыр. Алматы қаласы бойынша аталған кезеңде балаларды профилактикалық тексеруге 1,5 млрд теңге бағытталды.
Бір айта кетерлігі, қазақстандық балалар МӘМС жүйесінде автоматты түрде сақтандырылады. Олар үшін жарнаны ЖСН алған сәттен бастап кәмелетке толғанға дейін мемлекет төлейді. Бұл балаларға ТМККК аясында ғана емес, МӘМС пакетіне кіретін медициналық көмекті де тегін пайдалануға мүмкіндік береді, делінген хабарламада.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста