Алматыда 6 жыл бұрын дүниеге келген төртем биыл мектеп табалдырығын аттамақ

Алматыда 6 жыл бұрын дүниеге келген төртем биыл мектеп табалдырығын аттамақ. Қай мектепке баратынын шешіп қойған ата-анасы балалардың оқуын қадағалау, апарып-алып келу жағынан қиналуымыз мүмкін дейді. Алғашқы оқу маусымының басталуын асыға күтіп отырған шаңыраққа тілшіміз бас сұғып қайтты.- Сабақты беске оқимыз, бір-бірімізге көмектесеміз.
Бір-бірінен аумайтын Гүлайша, Бегайша, Нұрайша және Жанайшаның оқу құралдарын реттеп, алғашқы оқу жылына дайындалуы ерекше. Тіпті "Абай" порталы арнайы табыстаған сөмкелерін арқаларынан тастамайды. Дәптерге аты-жөндерін жүгірте жазған төртемнің оқуға деген ынта-жігері бөлек көрінді. Отбасындағы алты қыздың әкесі болса, балаларды сабаққа апарып-келу жайын қазірден ойластырып жүр екен.
ЕСЕНТАЙ ҚАПАР, Төртемнің әкесі:

- Көріп отырсыздар, мектепке дайындап жатырмыз. Сабақ басталсын. Апасы келіп көмектесемін деп отыр. Ол кісі жасы үлкен кісі.
4 Айшаны әкесі болашақ мектептеріне алып барды. Оқу ордасының ауласы мен сынып бөлмесінің аурасымен танысқан төртем таңдаған орындарына жайғаса кетті. Мектеп әкімшілігі де төртемді қуана қабылдап отыр.ГҮЛЖАН ДЕЛЕГЕЕВА, №137 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:/>- Енді төртем, егіздерде ойлау қабілеттері, еске сақтау қабілеттері жақсы болып келеді. Сондықтан биылғы келіп отырған төртемнен үлкен үміт күтеміз.
Қыздарының болашағынан әке-шешесі де үмітті. Бір баланы бағып-қағудың қиындығын төрт есе артық орындаған отбасы бүлдіршіндердің көрсетер қызығы мен қуанышы да еселене түссе екен деп тілейді. 

31.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста