Алматыда 400 отбасы ескі үйін жыл соңына дейін жаңа пәтерге ауыстырады

Алматыда 400 отбасы ескі үйін жыл соңына дейін жаңа пәтерге ауыстырады

 Жыл соңына дейін Алматыда 400-ден астам отбасы ескі үйін жаңа пәтерге ауыстырады. Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов тозығы жеткен үйлерді құлату бағдарламасы бойынша Түрксіб ауданы тұрғындарына пәтерді салтанатты табыстау кезінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2012 жылы ескі үйлерді бұзу бойынша бірінші рет іске асып отырған жобаны бастадық. Осы уақыт бойы 23 үй тұрғызылды. Қазір Түрксіб ауданында 14 үй пайдалануға беріліп жатыр. Тағы бір үй Жетісу ауданында жыл соңына дейін соғылады. (...) 370 отбасы қоныстанып қойды, тағы да 40-қа жуық отбасыны көшіріп әкелеміз, нәтижесіне 400 отбасы өздерінің тозған үйлерін жаңа баспанаға ауыстырады. (...) Бұл бағдарлама қала тұрғындарының көпшілігі құптады", - деп мәлімдеді Есімов.

Оның айтуынша, тозығы жеткен үйлерді құлатып, азаматтарды ол жақтан жаңа пәтерлерге қоныстандыру - қалалық күрделі құрылыс кәсіпорнының есебінен жүргізіліп жатыр. "Бағдарлама тиімді болды. Біз бірден екі мәселені шешіп жатырмыз. Тозған үйлерден тұрғындарды жаңа үйге көшіреміз, бір жағынан экономикалық мәселені шешіп жатырмыз. Артық қалған пәтерлер сатылады да, осының есебінен жұмсалған қаржы қайтарылады, қайтарылған ақша тағы да құрылысқа жұмсалады. Бұл жоба өзін толық ақтап алды. Сондықтан бағдарламаны кеңейткіміз келеді", - деді әкім.

Есімовтың айтуынша, бұл үшін әкімдік бағдарламаға 10 миллиард теңге бөлген "Бәйтерек" қорымен келісімшартқа отырды. 5 миллиард теңгені қалалық күрделі құрылыс кәсіпорны бөлді, сонымен бірге құнды қағаздардың шығуы есебінен тағы да 5 миллиард теңге беріледі. "Жалпы алғанда, шамамен 20 миллиард теңге бар. Бұл қайта келетін ақша және ол құрылысқа жұмсалады", - деді әкім. Содан кейін әкім тозығы жеткен үйін босатқан қалалықтарға жаңа пәтер кілтін табыстап, оларды жаңа пәтерге қоныстануымен құттықтады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста