Алматыда 1983 жылы 20 мамарда қайтыс болған өрт сөндірушілерді еске алу рәсімі өтті (ФОТО)
Бүгін Алматы қаласының Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері 1989 жылы 20 мамырда болған теміржол тұйықтамасында өрт сөндіру барысында қайтыс болған өрт сөндірушілердің ескерткіші алдына гүл қойды.
Іс-шара 1 минут үнсіздіктен басталды. Салтанатты кеште гүл қою рәсімін басшылық құрам бастап, сонымен қатар Алматы қаласының өрт сөндіру гарнизонының қызметкерлері ескерткіш алдына үлкен гүл шоғын қойды. Іс-шарада өрт қарсы қызметінің ардагерлері мен қайтыс болған өрт сөндірушлердің туыстары қатысты.
Жергілікті уақыт бойынша бұл оқиға Алматы қаласында 1989 жылдың 20 мамырда кешкі сағат 19:30-да болған. Бекеттің кіре беріс жолында «пропан» тұрмыстық газы толтырылған алты цистерна мен теміржол тұйықтамасында орналасқан "Казстройматериал" базасының үш жүк вагонын тартып келе жатқан маневрлік тепловоз соғысқан. Қақтығыс салдарынан үлкен өрт пайда болған. Кешкі сағат 19:36-да қаланың орталық өрт сөндіру байланыс пунктіне қоңырау шалған. Болып жатқан қайғылы оқиғаны әйел адам хабарлаған. Мықты жарылыс тек алаулап қана қоймай, газға толы басқа цистерналарды рельстерден лақтырған. Жарылыстың эпицентрінде болған барлық өрт сөндірушілер қатты жарақат алған, соның ішінде ішкі қызметтің кіші сержанты Искаков Е.К. қатты жарақат алып, жолдастарының алдында көз жұмады.
Өрт сөндіру қызметкерлері сонда да өртпен күресіп жатты. Шарипов Ф.А. және оның жолдастары ең ауыр күйік алса да, оны жедел жәрдем алып кетпегенше ол өз тобына соңына дейін бұйрық беріп, өртпен күресе берген. Онымен бірге өрт сөндіру күзетінің сарбаздары да соңғы демі қалғанша күрескен. Бірақ өрттен алған жарақаттары сапта тұруға шыдатпады. Оқиға орнынан ауыр жарақат алған халде Ильшат Сафарғалиевті, Кұралхан Аккуловты, Михаил Маликовты, Сейл Алимтаевты, Владимир Никуленконы алып шыққан.
Өрт сөңдірушілердің батырлықтары мен жанкештіліктерінің арқасында басқа өрт болған жоқ. Кешкі сағат 22:20-да өрт әлі де лаулап жанып жатқан, ал 21 мамыр күні сағат түнгі 1:45-те толықтай өрт сөндірілді. Орталық өрт сөндіру байланыс пунктінің диспетчері соңғы жазбаны жазып алды. Өртпен жанкешерлік оқиға бірнеше уақытқа созылды. Өрт сөндірушілер бұл жағдайды жеңеді, бірақ көптеген қызметкерлерден айырылады. Абдранов И.А., Касымов Р.А. қайтыс болды, ал басқа өрт сөндіру қызметкерлері ауыр жарақат алып жатты. Ауыр жарақат алған өрт сөндіру қызметкерлерінің өмірі үшін республикамыздағы мықты дәрігерлер күресті, Алматыда бүкілодақтық күйік орталығының іс-сапарындағы мамандар да күресті.
Қазақ ССР Денсаулық министрлігінде жасалған үйлестіруші және жұмыс орындары күні-түні жұмыс жасады. Алматы гарнизонының жеке құралған топтары күні-түні ауруханада кезекшілікте болды және кез келген уақытта қолдан келгенді аяған емес. Сонда да қайғылы жаңалықтарды жеткізу жалғаса берді. Ауруханада Фрид Шарипов, Ильшат Сафаргалиев, Куралхан Аккулов, Михаил Маликов, Сейл Алимтаев, Владимир Никуленко қайтыс болады.
СССР Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығымен батырлық пен қайсарлықтарының арқасында күрделі өртті сөндіргендері үшін Абдранов И.А., Аккулов К., Алимтаев С.К., Искаков Е.К., Касымов Р.А., Никуленко В.В., Маликов М.И., Сафаргалиев И.Ф., Шарипов Ф.А қаза тапқаннан кейін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды. Ал ерекше ерлігі үшін «Дербес батырлық» деген орденімен Арзиева Т.М., Голинцева О.Я., ДусенбаеваТ.М., Дуйсенбина Т., Езерского И.И., Коклягина В.Г., Меркулова В.Н., Онучина Л.М., Ромашина А.В., Свириденко С.П., Турсумбекова М.Ш. марапалталды. «Өрттегі батырлығы» үшін Алматы қаласының УПО және УВД қызметкерлерін марапаттады.
Авариялық оқиғаны жоюға қатысқан барлық қызметкерлер ҚазССР Жоғары Кеңесінің және респуликаның ІІМ Құрмет грамоталарымен, сонымен қатар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
1989 жылдың 20 мамырында болған оқиға Алматы гарнизонының өрт сөндіру қызметкерлері үшін үлгі боларлық жағдай екені ешқашан ұмытылмайды.