Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады

Алматы облысының тауларында 6-10 ақпан аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған орай Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялады.

ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкіні жүруі мүмкін қарлы беткейге шықпауды, сондай-ақ, таулы жерде қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрады.

«Алматы облысының аумағында Іле Алатауы тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 48 көшкін қаупі бар учаске орналасқан. Негізінен қар көшкінінің жүруі температураның жоғарылауы және қар аралас жаңбыр түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады», - деп ескертті ведомство.

Еске салсақ, Алматы тауларында қыс мезгілі басталғалы бері 35 мәрте қар көшкіні жүрген болатын.

ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста