Әлеуметтік желіде Алматы тұрғындары Сәтбаев көшесі мен Назарбаев даңғылы қиылысында атыс болғаны туралы хабарлады. Полиция департаменті өкілдері хабарламаға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде Республика алаңында әскери және полиция көліктері жиналып тұрған видео тарады. Автордың сөзінше, түнде Сәтбаев көшесі мен Назарбаев даңғылы қиылысында атыс болыпты-мыс.
Алматының Полиция департаменті өкілдерінің сөзінше, бұл аймақта қылмыстық істі тергеу аясында тергеу тәжірибесі өткен. Полиция өкілдері сабыр сақтап, ресми ақпаратқа сенуді сұрады.