Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 27 мамырдағы № 188 бұйрығына сәйкес , Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы «Аң аулау қағидаларын бекіту туралы» № 18-03 / 157 бұйрығына өзгерістер енгізілді , Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау мерзімдері өзгертілді. Бұл өзгерістер 2022 жылдың 12 маусымында күшіне енді.
Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы облыс аумағындағы бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда күзгі аңшылық маусымы жоғарыда көрсетілген бұйрықтың қосымшаларында көрсетілген кестеге сәйкес ашылатынын хабарлайды (adilet.zan.kz саиттарынан көруге болады). Облыс тұрғындары мен аңшылар назарына аңшылық жасау кезінде қауіпсіздік шараларын және аңшылық ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз. Әрбір аңшы азаматты табиғат жанашыры болуға шақырамыз.
Алматы облысының орман шаруашылығы
және жануарлар дүниесі аумақтық
инпекциясының бас маманы Н.Орманбеков