Тоғыз жасар қызды құлдықта ұстаған Алматы облысы Жамбыл ауданының екі тұрғыны екі жылға сотталды.
Алматы облысында ерлі-зайыптылар жетім қызды құлдықта ұстаған
Алматы облыстық сотының апелляциялық алқасы осы аптада Жамбыл аудандық сотының "баланы бас еркінен заңсыз айырды" деп айыпталған ерлі-зайыптыларға шығарған үкімін күшінде қалдырды.
Ұзынағаш ауылында құлдықта болған қыз қазір Алматыдағы кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығында. Орталық директоры Раушан Құрмашеваның айтуынша, кәмелеттік жасқа толмаған қыздың ата-анасы табылмаған.
Келесі аптада ол қыз балалар үйіне өткізілмек. Бұған дейін анасы қалдырып кеткен бейтаныс әйелдің үйінде күшпен ұсталған тоғыз жасар қыз бала туралы айтылған еді.
Ол қыз үй иесі әйел өзін сарайда ұстап, арасында ұрсып-соғып тұрғанын айтқан. Құлдықта отырған қыз жайлы полицияға әлгі үйдің көршілері хабарлаған.
Кейін қызды полиция құтқарып, оны күшпен ұстағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
news.nur.kz
Алматы облысында ерлі-зайыптылар жетім қызды құлдықта ұстаған
Последние статьи автора