Әкімдік пен мәслихаттың «Алматы облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» бірлескен қаулысы мен шешімі әзірленді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Іле ауданының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауын келесідей өзгерту жоспарланған:
Энергетический ауылдық округін Өтеген батыр ауылдық округіне;
КазЦИК ауылдық округін Асқар Тоқпанов ауылдық округіне;
Энергетический ауылдық округін Покровка ауылын Кенен Әзірбаев ауылына;
Чапаев ауылдық округі мен Чапаев ауылын Байкент ауылдық округі және Байкент ауылына;
Междуреченск ауылдық округі мен Междуреченск ауылын Ақсай ауылдық округі және Ақсай ауылына;
КазЦИК ауылдық округі Комсомол ауылын Жайнақ ауылына өзгерту жоспарланған.
Бұған қоса Талғар ауданының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауы келесідей өзгертілмек:
Панфилов ауылдық округінің Қызыл Ту-4 ауылы Жібек жолы ауылына.
Кеген ауданының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауы келесідей өзгертілсін:
Жалаңаш ауылдық округі Жалаңаш ауылын Жалағаш ауылына.
Құжат Ашық НҚА сайтында 28 шілдеге дейін жарияланған.