Алматы облысында 18 сұңқар-ителгіні заңсыз сақтаған ер адам анықталды
Экология министрлігіне қарасты инспекторлар 18 сұңқар-ителгіні заңсыз сақтаған ел азаматын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
21 қараша күні аумақтық инспекция, Қарасай аудандық ІІБ қызметкерлері және «Охотзоопром ӨБ» РМҚК инспекторлары С.Б. Көшкінбаевтың топ жетекшілігімен бірлесіп, Қарасай ауданының «Мечта» бау-бақша қоғамының аумағындағы №93 учаскедегі контейнерден ҚР «Қызыл кітабына» енгізілген 18 сұңқар-ителгінің заңсыз сақталғанын анықтаған.
«Аталмыш оқиғаға қатысы бар ел азаматы ұсталды. Құстар тәркіленіп, уақытша бағып-қағу үшін «Сұңқар» ЖШС питомнигіне жеткізілді. Аталмыш операция барысында Экология министрлігіне қарасты инспекторлардың ерекше қырағылық танытқанын айта кету қажет», - делінген ведомство ақпаратында.
Заңбұзушылық Қарасай қалалық ПБ-не берілді. 2021 жылғы 21 қарашада ақпаратты енгізу кітабында тіркелді.
Sputnik.kz порталының жазуынша, күдікті Сирия елінің 31 жастағы тумасы болып шыққан. Ол 2010 жылдан бері Қазақстан азампаттығын алған.