Алматы облысында тауда жоғалып кеткен төрт жастағы бүлдіршін алты сағаттан кейін табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
Ата-анасының айтуынша, олар түскі уақытта төрт жасар ұлдарымен бірге тауға саңырауқұлақ теруге барған. Көлік қасында ойнап отырған баланы бір мезетте ата-анасы таппай қалған. Үш сағат бойы баланы өздігінен іздеген ерлі-зайыптылар ақырында төтенше жағдайлар департаментінен көмек сұрады.
Кербұлақ ауданы, Доланалы ауылына жақын маңда 2018 жылы туған баланың жоғалып кеткені туралы ақпарат Алматы облыстық ТЖД-ға 16 мамыр күні сағат 20.30-да келіп түскен.
Ақмола облысында жоғары сынып оқушылары 10 жасар оқушыға зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікке ілінді
Шымкенттік оқушыны әлемнің 34 университеті оқуға шақырды
ТЖД қызметкерлері, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындардан 100-ден аса адам мен бір ит баланы іздеуге кірісті. Бала сағат 23.30 шамасында жоғалған жерінен 3 шақырым қашықтықтан табылды. Дәрігерлердің қарауынан кейін жеткіншек ата-анасына қайтарылды. Оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.