Алкоголь ұлттық генофондымызға қауіп төндіріп тұр

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Жалпы, біздің түсінігімізде күнде арақ ішіп, көшеде құлап жататын немесе күнделікті ішімдікке сылқия тойып алып, отбасында ойран салатындар – маскүнемдер. Ал, мамандардың түсінігінде, маскүнем – спирттік ішімдік ішу­ден бас тарта алмайтын адам. Қазақстан Респуб­ликасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми дерегіне жүгінер болсақ, елімізде 2011 жылдың бірінші тоқсанында 232 883 адам наркологиялық тіркеуде тұрған. Ал соңғы бей­ресми дерек бойынша, маскүнем ретінде наркологтердің тізіміне 300 мың адам іліккен. Ішімдікті шектен тыс пайдаланып, ішкі істер органында тізімде тұрғандар саны да аз емес. Мамандардың айтуынша, спирттік ішімдікке тәуел­ді адамдар саны ресми деректегіден бірне­ше есе көп. Олардың мәліметінше, әрбір бесінші қазақ­стандықта маскүнемдік белгілері бар көрінеді.
Мамандардың пайымдауынша, шөл басу үшін күнделікті бір шөлмек сыра ішу – мас­кү­нем­діктің алғашқы белгісі. Өйткені екі-үш рет сыра ішкен соң адам ағзасы оған тез үйреніп, оны қажет ете бастайды. Яғни адамда пси­хо­ло­гиялық тәуелділік синдромы пайда болады. Со­ның нәтижесінде адам «шөл басу үшін ішіп отырмын» деп, психологиялық тұрғыдан соған өз-өзін сендіреді. Ал, шындығында, адамда алкогольдік ішімдікке деген тәуелділік пайда бола бастайды. Одан әрі адам физикалық тәуел­ді­лікке бой алдырады. Яғни адам ағзасы енді сыраны қанағат тұтпай, араққа көшеді. Ал одан әрі адамның сырадан араққа өтіп, ертең-ақ мас­күнемге айналмасына ешкім де кепілдік бере алмайды. Яғни алкогольдік ішімдік ішіп бастау мен маскүнемдіктің арасы бір-ақ қадам.
Олег ЗАХАРОВИЧ, нарколог-дәрігер:
– Бізде күнде арақ ішіп, мас болып құлап жататын адамдарды ғана маскүнем деп ойлайтын түсінік қалыптасқан. Шын мәнінде олай емес. Кез келген алкогольдік ішімдік ішетін адам – потенциалды маскүнем. Яғни кез келген ішімдік ішетін адам психологиялық күйзелістің әсерінен маскүнемдікке бой алды­руы мүмкін. Кей жағдайда «мен мық­ты­мын» дейтін азаматтардың да мас­кү­нем­дікке бой алдырғанын өз тәжірибемде көріп жүрмін. Баз біреулер «мен шамамды біліп ішемін» деп жатады. Ол – жаңсақ пікір. Алко­голь­дік ішімдіктің мөлшері де, шамасы да жоқ. «Шамамды білемін» деген адам – өзінің маскүнемдікке бой алдыра бастағанын сезіп, онымен іштей күресетін адам. Шамасы келген адам ішімдік ішпейді. Ішімдік ішті ме, демек, шамасы келмейді, яғни ішімдіктен өз еркімен бас тарта алмайды. Сондықтан адам алко­гольге деген тәуелділіктің алғашқы белгілерін сезінген сәтте дәрігердің көмегіне жүгінгені дұрыс. Маскүнемдік те аурудың бір түрі. Ал ауруды тек дәрігердің көмегімен ғана емдеп жазуға болады.

Жалпы, ішімдіктің қоғамға келтірер зияны ора­­­сан зор. Сала мамандарының айтуларына қара­ған­­да, ішімдік салдарынан отбасылық жанжал ке­зін­де қайғылы оқиғалар жиі орын алатын кө­рі­неді.
Ірі жол-көлік апаттарының орын алуын­да да ішімдіктің үлесі мол. Тұр­ғын үй секторындағы өрттің де бір себебі ішімдік ішумен байланысты кө­рі­неді.
Ең бастысы, ішімдік тектіліктің тамы­ры­на балта шабады. Яғни халықтың гено­фондын деградацияға ұшыратады. Өйт­кені ішім­­дікке әуес адамның балаларында да ішім­дікке деген әуестік болады. Яғни бүгінгі мас­күнемнің үш баласы болса, ертең-ақ мас­күнемдер саны үш есеге артуы ықти­мал.
Айғаным БАҚБЕРГЕНОВА, психолог:
– Жалпы, ішімдікке әуестену пси­хо­ло­гиялық тәуелділіктен басталады. Мы­салы, жасөспірім ішімдік ішу арқы­лы өзін ересек сезінгісі келеді. Ал кейбір азаматтар жасықтығын ішімдік ішу ар­қы­лы жасыруға талпынады. Баз біреу­лер тұрмыс жағдайындағы келеңсіздікті ұмыту үшін ішімдік ішеді. Мұның бәрі – психологиялық тәуелділік. Алко­голь­дің көмегімен мәселені шешкісі келеді. Бірақ ішімдік ішкеннен жасөспірім есейіп кетпейді, жасық батыр бол­май­ды, шиеленіскен жағдай шешілмейді. Тек осындай жағдайлардың соңы мас­кү­немдікке ұласып кетуі мүмкін. Сон­дық­тан отбасында, мектеп қабыр­ға­сын­да балаларды психологиялық тұр­ғы­дан ұстамды болуға үйрету қажет. Балаға ішпейтін адамның жеткен жетіс­ті­гін айтып, сондай болуға талпынуды на­сихаттап, маскүнемдіктен жиренуге баулу керек. Маскүнемдіктің зияны жай­лы әлеуметтік жарнамалар да көп болуы тиіс. Маскүнемдік – жеке азамат үшін ғана емес, ұлт үшін де үлкен қауіп. Өйт­кені маскүнемдік салдарынан шыққан тегін, салт-дәстүрін, тілін, дінін жо­ғал­тып, ұлт ретінде жойылып бара жатқан Сібір халықтарының жайын бүгін көзіміз көріп отыр. Сондықтан мас­кү­нем­дікке бір отбасының мәселесі деп қарау­ға болмайды. Ол – қоғамның қасі­реті. Оған ұлт қауіпсіздігі тұрғы­сы­нан қарау керек.

Осыны ескерген көрші Ресей елі мас­кү­нем­дікпен күрес туралы арнайы бағдар­ла­ма да қабылдаған көрінеді. Өйткені ол елде маскүнемдік династияға айналған. Ата-әжесі, әке-шешесі, ұл-қызы түгелдей маскүнемдікке салынған отбасылар саны артқан.
Бүгін бізге ондай бағдарлама қабылдау қажеттілігі жоқ шығар. Алайда қолымызды мезгілінен кеш сермеп қалмау үшін бүгін тиісті шараларды қолға алуымыз қажет. Әйтпесе ертең-ақ бізге де ондай қа­жеттілік тууы әбден мүмкін. Өкінішке қа­рай, маскүнемдіктің қасіреті жайлы әлеу­меттік жарнамалар өте аз да, есесіне сы­ра­ны алкогольсіз деп, арақты сусын деп теле­дидарда, көшедегі билбордтарда мен мұн­далап тұрған жарнамалар жеткілікті.

Дәйек
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нормативі бойынша жан басына шаққанда алкогольдік ішімдіктерді 8 литрден көп пай­даланатын елдің генофонды дег­ра­дацияға ұшырайды. Ал Қазақстанда жан басына шаққанда алкогольдік ішімдікті пайдалану көрсеткіші 12 литрді құрап отыр. Бұл көрсеткіш орыс ұлтының тағдырына алаңдап отырған Ресей еліндегіден 1,5 литрге артық екен. Дүниежүзілік сауда ұйымы­ның тізімінде Ресей 22 -орында тұрса, Қазақстан бұл тізімнің алғаш­қы ондығына еніп, 8-орыннан кө­рініп отыр. Ал бірінші орын афри­калық Уганда мемлекетінің енші­сінде екен.

Дерек
Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мәліметінше, қазақстандықтардың 45,4 пайызы айына бір-екі рет алкогольдік ішімдік пайдаланады. Оның ішінде 64,4 пайызы 20-29 жас аралығындағы жастар болса, 37 пайызы 15-17 жас аралығын­дағы жасөспірімдер екен. Бір ғана Алматы қаласында наркологиялық орталық есебінде тұрған әйелдер саны 5317 болса, оның 413-і – жеткіншек қыз балалар. Соңғы үш жыл көлемінде ішімдікке әуес­тенген жастар саны екі есеге артса, жасөспірімдер саны 10 есеге көбей­ген. Сыра пайдалану көрсеткіші де соңғы 10 жылда же­дел өскен. 2008 жылы жан ба­сына шаққанда әрбір қазақ­стан­дыққа 31 литр сыра тиесілі болған екен. Бүгінгі таңда шамамен жарты миллионнан астам қазақстандық алкогольге тәуелді екен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста