Әлия Назарбаева сән журналының мұқабасына шықты
L’Officiel журналының алғашқы санында елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваның сұхбаты жарияланды.
Әлия Назарбаевамен сұхбат журналдың «Ориентир» айдарында жарияланыпты. Президенттің қызынан сұхбатты ресейлік тележүргізуші Оксана Пушкина алған.
L’Officiel журналы тұңғыш рет Парижде 1921 жылы жарық көрді.
Естеріңізге салсақ, жақында SNC журналының бас кейіпкері Айсұлтан Назарбаевтың жұбайы 22 жастағы Әлима Назарбаева болған еді. Ол өз балалық шағы, үйлену тойы және тойға шақырылған жоғары мәртебелі қонақтар жайлы айтқан болатын.
Бұдан өзге Астана әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев те БАҚ назарына «ғасыр жекпе-жегін» тамашалауға келгенде ілініп үлгерді. Ол Лас-Вегаста өткен филиппиндік Мэнни Пакьяо мен америкалық Флойд Мейвезердің бокстағы жекпе-жегінде Майк Тайсонмен бірге фотоға түсіп қалған.
Жекпе-жекті сонымен қатар көптеген танымал жұлдыздар тамашалауға келген: Джейк Гилленхол, Ким Кардашьян, Дрю Бэрримор, Рут Уилсон, Клинт Иствуд, Бен Аффлек және тағысын тағылар.