Әлемнің бес қаласы Ақтау қаласымен бауырлас ел болуға тілек білдірген
Әлемнің бес қаласы Ақтау қаласымен бауырлас ел болуға тілек білдірген. Бұл туралы Ақтау қаласының 1-шағын ауданындағы №3 мектепте халыққа есеп берген әкім Еділ Жаңбыршин хабарлады.
«Ақтаудың даңқын, әлеуетін арттыру үшін үлкен жұмыс атқарып жатырмыз. Бұған себеп: әлемнің 5 қаласы Ақтаумен бауырлас болуға тілек білдірді: Туркменбаши (Түркіменстан, ел астанасы Ақтаумен бауырлас қала саналады), Клайпеда (Литва), Констанца (Румыния), Диджао мен Ляньюньган (Қытай)», - деді Ақтау қаласының әкімі Е. Жаңбыршин.
Әкімнің айтуына қарағанда 2014 жылдың қорытындысы бойынша Ақтау «Өмір сүргің келетін қала» номинациясы бойынша ТМД және ЕурАзЭО қалаларының қалалық практикаларының VII халықаралық байқауында жеңімпаз атанған. Комиссия қарауына 6 жоба ұсынылған.
Әкім өткен жылы көптеген маңызды шаралар өткенін атап өтті, оның ішінде Ақтауда және Қазақстанда алғаш рет ЮНЕСКО аясында Еуразияның Дүниежүзілік мұрасы қалаларының 7-халықаралық конференциясы өткенін атап өтті, оған әлемнің 10 елінің 42 қаласынан 275 адам қатысқан.