Әлем құтқарушылары Қазақстанға көмектесуге мүдделі

Ел аумағында жойқын зілзала бола қалса, таяу және алыс шетелдік құтқарушылар қол ұшын созуға дайын. Бұған қыркүйектің 5-і мен 10-ы аралығында өткен «Жетісу – 2009» халықаралық сейсмикалық оқу-жаттығу шаралары дәлел. Ынтымақтастық қолғабыс шарасы Орталық Азияда алғаш рет өтіп отыр.

Еліміздің Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі мен зілзалаға шұғыл әрекет ету жөніндегі Еуро-Атлантика үйлестіру орталығының бірлесуімен ұйымдастырылған оқу-жаттығу жұмыстары Алматы облысындағы «Астана – жартасты қала» полигонында өтті. Оған Ресей, Әзірбайжан, Австрия, Түркия, Қырғызстан, Тәжікстан сияқты әлемнің 29 елінен 1000-ға жуық құтқарушы-маман қатысты. Жойқын зілзалалар мен апаттық жағдайларға тап болғандарды құтқаруда қызметтік иттердің көмегі зор болғандықтан, оқу-жаттығу жұмыстарына еліміздің кинология қызметтері де тартылған. Жаттығу бағдарламасына сәйкес, құтқарушылар зілзала, су тасқыны, лай көшкіні, жарылыс, автокөліктер қақтығысы сияқты айтып келмес апатты жағдайларға әрекет етуде ептіліктерін сынап, өзара тәжірибе алмасты. «Жетісу-2009» шарасы барысында қонақтар әр елдің далалық лагерьлерін аралап, заманауи құтқару қондырғыларымен танысты. Мәселен, мұнда Түркия мен Қазақстан 100 орынға лайықталған медициналық лагерьлерін ұсынса, Австрия мемлекеті соңғы үлгідегі радиоқұрылғыларын әкеліпті. Сол сияқты Қызыл крест және Қызыл Жарты ай халықаралық қоғамдары шатырлы қалашық тұрғызған. Еліміздің төтенше жағдайлар жөніндегі  министрі Владимир Божконың айтуынша, экономикалық дамудың қазіргі жетістіктері зілзала әкелетін оқыс шығынның орасан болатынын көрсетіп отыр. Сондықтан оның алдын алу жолдарын қарастыру – ең өзекті мәселе. Осы себепті министрлік соңғы жылдары оқу-жаттығу шараларын өткізуді мықтап қолға алған көрінеді. Дайындық жұмыстары кезінде халықаралық күштерді жұмылдырудың барлық қыры қарастырылыпты. Тіпті шетел құтқарушыларының жол жүру уақыты да жан-жақты есептелген. Атап айтсақ, дәл осы жаттығуға Ресей Федерациясы әуе көлігімен келсе, түркиялық төтеншеліктер арнайы автокөліктермен жетіпті. Ал НАТО Бас хатшысы көмекшісінің орынбасары Мауритс Йохемс болса оқу-жаттығу аясында жоспарланған жұмыстар біздің елде ойдағыдай жүзеге асқанын айтады.

Мауритс ЙОХЕМС, НАТО Бас хатшысы көмекшісінің орынбасары:
– Табиғат және техногенді ірі апаттардың салдарын жоюда құтқарушыларға шетелдік әріптестерінің көмегі аса қажет. Сол үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңызы зор. Ондай байланыс орнатуға осындай жаттығу жұмыстары ықпал ететіні белгілі. Қазақстан Республикасы бұл жағынан жоғары деңгейде екенін атап өткім келеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста