Алдағы уақытта күн болмашы суытады, деп хабарлайды Қазгидромет.
"Демалыс күндері аяздың беті қайтып, қардың аз түсуіне себеп болған циклон ығысуда. Оның орнына келген антициклонның ықпалынан күн суытады. Температура шамалы төмендейді және қысқа мерзімді болады", — деп хабарлайды синоптиктер.
Егер өткен аптада ауа температурасы нормадан 15-22 градус төмен болса, алдағы үш тәулікте ол нормаға жуық және 2-4 градусқа төмендейді. Батыс облыстарда ауа температурасы әдеттегідей нормадан 3-8 градусқа дейін жоғары болады.