Алдағы күндері елімізде қар жауады және суық болады

 6-8 қараша аралығында Қазақстанда күн жаңбырлы, қарлы әрі желді болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мамандарына сілтеме жасап.

Синоптиктер күннің суытатынын болжады. Олардың мәліметінше, елдің оңтүстігінде ғана күн біршама жылы болады. "Жауын-шашын, жаңбыр, қар, көктайғақ, тұман және батыс пен солтүстіктің күшті желі тек қана солтүстік облыстарда ғана емес, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында да болады", - деп хабарлады "Қазгидромет" мамандары. Ал Ресейдің еуропалық аумағының солтүстік-батысынан жылжып келе жатқан суық және қуатты антициклонмен бірге түнгі температура 3 градус аяздан 13 градус аязға дейін төмендейді. Оңтүстік облыстарда және шығыста күндіз 5-15 градус жылы, ал 8 қарашада күндіз де, түнде де ауа температурасы 2-6 градус аяз аралығында болады.

Метеорологтердің мәліметінше, қарашаның соңғы онкүндігінде қысқы ауа райы қалыптасады. Бұған дейін мамандар алдағы қыс жылдағыдан ызғарлырақ болады деп хабарлады. "Алдын ала болжам бойынша, алдағы қыс аумалы-төкпелі болады, суық күндер қалың қар мен жауын-шашынға өзгеріп отырады. 2013-2014 жылдардағы қысқа қарағанда алдағы қыс салыстырмалы түрде суығырақ болады", - деп хабарлаған болатын мамандар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста