Бұл туралы "Ойбай шоу" бағдарламасында айтылды. 
 
Мәдина Оспан өзінің жеке өміріне араласатындарға жауап берді. Сынды жүрекке жақын қабылдамағанымен, кей адамның көрсеқызарлығы шектен шығады деп ашулы. 
"Мен күнделікті сәлем салатындар қатарынанмын. Қырықтың бірі қыдыр дейді. Бірінің болмаса бірінің тілегі қабыл болады. Батасын береді. Сондықтан қайын жұртыма, ата-енеме сәлем саламын. Ол үшін арланбаймын. Сәлем салғанды дұрыс деп есептеймін", - деді актриса. 
Қызғанатын ештеңе жоқ: Фильмдегі актриса Төреғалидің жарына жауап берді
Мәдина Оспан жеке өміріне араласатындарға ренішін айтты.
"Менен неге бала көтермей жүрсің деп сұрайтындар көп. Ол туралы неге сұрайды. Жеке өмірге неге араласады? Ерлі-зайыптылардың өзінің жоспары бар шығар, не проблемасы бар шығар. Ол екеудің құпиясы. Оған не үшін араласатындарын түсінбеймін. Мен ол үшін көңіл-күйім түсіп, жүрегім ауырмайды. Тек артық қылық жасайтындарды түсінбей дал болам", - деді ол.