Әкімнің ағасына жер берген шенеуніктер жұмыстан қуылды
Ақмола облысының Есіл ауданында тағы бір сыбайлас жемқорлық әрекеті әшкереленді. Аудандық жер комиссиясына кіретін үш шенеунік бір-бірімен ауыз жаласып, бұрынғы әкімнің ағасына жер бөліп берген. Сол үшін үшеуі де жұмыстан қуылды. Әкім де өз еркімен қызмет орнын босатты, деп хабарлайды "Алаш айнасы" порталы мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы істер жөніндегі агенттіктің облыстық департаментіне сілтеме жасап.
Ресми ақпаратқа сәйкес, Есіл ауданы әкімінің орынбасары А.А.Қалмұхамбетов, аудандық инспекция басшысы К.С.Оразалин және кәсіпкерлік пен өндіріс бөлімінің жетекшісі М.К.Рахымбеков конкурстық комиссияда отырған кезде ауданы 348 гектар мен 1459,3 гектар болатын жерді "Шаңырақ-Р" фирмасына бөлу туралы заңсыз шешім шығарған. Соттың арнайы құжаты болмаса да, олар әкімнің атынан қаулы шығарып, жеке меншік фирмаға жерді 10 жылға дейін жалға бөліп берді.
Тергеу кезінде "Шаңырақ-Р" фирмасының иесі У.С.Рахметов екені анықталды. Ол Есіл ауданының әкімі К.С.Рахметовтың ағасы болып шықты. Жер комиссиясының шешіміне де әсер еткен осы жәйт.
Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы істер жөніндегі агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаменті бұл мәселені тәртіптік кеңестің отырысында қарап, Қалмұхамбетов, Оразалин мен Рахымбековты жұмыстан шығару туралы шешім қабылдады. Ал Есіл ауданының әкімі де өз еркімен қызметін босатты. Оның орнына Аманбек Қалжанов келді.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу