Әкімдік Жетібайдағы жұмыссыз тұрғындардың аштық жариялауына қатысты пікір білдірді

Әкімдік Жетібайдағы жұмыссыз тұрғындардың аштық жариялауына қатысты пікір білдірді

Маңғыстау облысындағы Жетібай ауылының жұмыссыз тұрғындары аштық жариялады: олар мұнай саласына жұмысқа орналастыруды талап етіп отыр. Аудан әкімдігі жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Ереуілшілер түсірілген видео Желіде 29 наурыздан 30 наурызға қараған түні пайда болды. Ереуілшілердің талаптары өзгеріссіз: мұнай секторында жұмысқа орналастыру.

Аудан әкімдігі мәліметінше, ауылдың жұмыссыз тұрғындары "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамынан бос жұмыс орындарын "70-тен 30-ға дейін" қағидаты бойынша бөлуде артықшылық беруді талап етіп отыр: бос жұмыс орындарының 70 пайызы – ауыл тұрғындарына.

"Басқа ауылдар мен аудандардың тұрғындарына қатысты талапты негізсіз деп санаймыз. Қарақия ауданы, Маңғыстау ауданы, Құрық ауылының жұмыссыз тұрғындары бос жұмыс орындарын бөлуде әділеттілікті талап етіп отыр", - деді аудан әкімшілігі.
Бұл ретте аудан әкімдігі жұмыссыздардың әрекетін заңсыз деп таныды. Аудан әкімшілігі мәліметінше, 29 наурыздан бері Е-otinish бірыңғай порталы арқылы аштық жариялау түріндегі наразылық акциясына барлығы 13 өтініш келіп түскен.

"Қазіргі уақытта өтініштер уәкілетті мемлекеттік органдарда қаралып жатыр. Дегенмен, аштық жариялау акциясын өткізу қолданыстағы заңнамамен реттелмейтінін атап өткен жөн. Жиналғандар мұнай саласына барлығын бірдей жұмысқа орналастыру мүмкін емес екенін мойындауы керек. Басқа салаларда жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін пайдалану қажет. Жұмыссыздар әкімдік ұсынған жұмыстан бас тартып жатыр", - деді аудан әкімдігі.


Сомен қатар, Қарақия ауданының әкімдігі наразылық білдірушілерге заңға қайшы әрекет жасаған жағдайда заңда белгіленген жауапкершілікті еске салды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста