Әкім Қожа Ахмет Ясауи кесенесін діни фанаттардан қорғау жөнінде түсінік берді
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов ғалымдардың Қожа Ахмет Ясауи кесенесін діни фанаттардан қорғау туралы өтінішіне түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бізде мұндай ақпарат жоқ. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бұрын қалай жұмыс істесе, қазір де солай жұмыс істеп тұр", - деді Мырзахметов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Бұған дейін Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Досай Кенжетай Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне көңіл бөлуді сұрап, өтініш жазған еді. Ол кесенені діни фанаттар жойып жіберуі мүмкін деп қауіптенеді.
Кенжетай өз үндеуінде әлеуметтік желілерде таралып жатқан видеоға назар аударады. Онда "Шайтан адамды ақиқат жолынан адастырады, бұл жерде басты қару - Аллаға серік қосу" делінеді. Видеодан Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің өртеніп жатқаны бейнеленген суретті көруге болады. Профессор қазіргі жастардың арасында уаххабит күштердің ықпалымен суфизмді, атап айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи ілімін исламға қарсы бағыт ретінде түсіндіру белең алған. Ғалымның айтуынша, бұл әсте олай емес.