“Өмірде ақ пен қара, бақ пен жала, шындық пен жалған қатар жүреді екен. Жас кезінде адамның шашы қара түсті болса, есейе келе ақ шаш басым болады. Мұның өзі түбінде ақтың, ақиқаттың жеңетінін көрсетіп тұр.
Ақиқат пен көзбояушылықтың, трасса мен орманның, шындық пен өтіріктің, тау тас пен өзеннің ортасында адасып, өмірдің сіз күтпеген бұрылысынан тура жолмен өтем десеңіз Land Cruiser 300 мініп алыңыз”, – деп жазды Қыран Талапбек парақшасында.
Дизайнер жаңа көлігін көрсетіп көпшілікті қызықтырып қойды. Алайда желі қолданушылары ұлы мен әйеліне қарайласпаған жас әкені сынға алды.
“Ұлыңды іздемейсің бе? Тым болмаса, қарайласып жүрсің бе?”, “Ер азаматтарға бәрібір ғой, біреудің өмірі туралы сөз болып жатса, көлік жайында айтып жүр”, “Әркімнің өз шындығы бар, мүмкін оның кінәсі жоқ шығар”, “Кінә екі жақтан болады”, “Неге ақталмады? Ұлын тастап кеткені болмады”, “Жүкті кезінде ажырасқаны болмады, өзі білмесе де, енесі түсіну керек еді”, – деп жазды желідегілер.
Бұған дейін Айжұлдыз Адайбекова күйеуімен ажырасып кеткенін мәлімдеді. Жақында ана атанып, ұлын өмірге әкелді.