Айтыс арқауы – Тәуелсіздік

Айтыс арқауы – Тәуелсіздік

Семей қалалық мәдениет сарайында «Тәуелсіздік таңы» атты облыстық жас ақындар айтысы болып өтті. Шығыс Қазақстан облысының Абай, Үржар, Зайсан, Тарбағатай аудандарының және Семейдің атынан бақ сынаған өнер жүйріктерінің қайсысы болса да сөз сайысында өз ерек­ше­лік­терін танытуға барын салды. Олардың арасынан бүгінде жоғары оқу орын­дарында оқып, аймаққа аты жайыла бастағандары да, енді ғана оң-солын танып, «шикі өкпеліктен» шын жүйріктің деңгейіне ұмтылғандар да шықты.
Жалпы жиыны 6 жұптан 12 ақын қатыс­қан айтыс үш сағаттан астам уақытқа со­зыл­са да, көрермен қауымның қошаметі де, көре түссем деген қызығы да таусылған жоқ. Әдемі әзілдер, тапқыр жауаптардың молынан табылғандығына қарап, қала­мыз­дағы Халықтық ақындар орталығынан қанаттана бастаған таланттардың қатары көбейе бастағандығын көруге болады.
Дәмеш ОМАРБАЕВА, Семейдегі Халық­тық ақындар орталығының жетекшісі:
– Бүгінгі айтысымызға Тәуелсіздік тақырыбын арқау етуіміздің өзіндік мәні бар. Өйткені сөз сайысында бақ сынап отырған кейінгі толқын – Тәуел­сіз­дігімізді алған жылдарда дүниеге кел­ген ұрпақ буыны. Яғни олардың бүгін­гі күнге көзқарасы, өз елін сүйіп-құрметтеуге ынтасы өзгеше деуге болады. Сол себептен айтыс атын «Тәуел­сіздік таңы» деп атағанды жөн көрдік.

Үш сағаттан астам уақытқа созылған айтыстың ақтық айналымы жеткенде барып жеңімпаздар есімі айқындалды. Елі­міз­дің егемендік алу жолындағы күрес­кер­лік рухын паш еткен айтыста үржарлық Нұр­лан Бектібаев, зайсандық Ардабек Ақбаба және көкпектілік Жасұлан Мақаев 3-орындарды бөліссе, Серік Қуантқан мен Назгүл Ибраева екінші орын иегері атанды. Семейлік Манарбек Сатыбалдин 1-орынға көтерілсе, айтыстың бас жүлдесі Баян Өлги­йден келіп Семейде оқып жүрген қан­да­сымыз Ерлан Дәулетке бұйырды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста