Айтаханов пен Баймаханов айтысып қалды

Мансұр ХАМИТ (фото)

Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) төңірегіндегі дау Парламент Сенатының кешегі жалпы отырысында да бұрқ ете қалып, басылды. Осының алдында ғана Мәжіліс депутаттары ӘКК-лердің қызметіне байланысты қып-қызыл тартысқа түскен болатын. Жоғарғы палата өкілдері шүйліккен негізгі екі мәселе болды. Біріншісі – жоғарыда атап өткеніміздей ӘКК жайы, екіншісі – элеваторлар мен қоймаларға сыймай, ашық аспан астында жатқан мол астық.

Әуелі әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың төңірегіндегі тартыстан бастайық. Сенатор Қуаныш Айтаханов «ӘКК-лердің жұмысын түбегейлі тиімсіз» деген пікірлермен келісе бермейтінін айтты. «Оларға беріліп жатқан ақша көп, одан да оны басқа мақсаттарға пайдалану керек деген мәселелер көтерілуде. Меніңше, ол соншалықты дұрыс пікір емес. ӘКК өңірлердің экономикасын дамытуға бағытталған арнайы құрылымдар. Шешімін таппай отырған мәселелер де бар. Олардың тез дамып кетпеуінің негізгі себептерінің бірі сол корпорация басшылары мен кейбір облыс әкімдерінің арасындағы жер телімдерін, нысандарды бөлісудегі келіспеушіліктер сияқты. Және оның басында отырған маманға да байланысты. Оңтүстіктегі әлеуметтік корпорация құрылғанына екі жылдай ғана болса да, көп шаруалар атқарып тастады. Шаруаларға үлкен көмек көрсетіп жатыр», – дейді Қуаныш Айтаханов. Ал тағы бір сенатор Қожахмет Баймаханов бұл пікірмен үзілді-кесілді келіспейтінін айтты: «Мен бұл пікірмен келісе алмаймын. Мәселен, жаңағы оңтүстіктегі әлеуметтік корпорацияға Қызылорда облысы да кіреді. Қызылордада осы корпорация істеді деп айта алатын бірде-бір шаруа жоқ. Оның істеп жатқан жұмысын көрсетіп бере алатын бір мұсылман баласын таппайсыз. ӘКК жұмысына қатысты отырыс өткізіп, үлкен талдау жасау керек», – деп салды ол.

Астықтың жыры бітпей тұр
Қалық қалаулылары мен Үкімет мүшелерінің арасындағы әңгімеден түйгеніміз: Үкімет мол астық жинап, өткізуден қиналып қалған шаруаларға қылышын сүйреткен қыс келмей, қол созып үлгерді. бес миллиард теңге бөлініп, диқандардың қолынан астық сатып алу қызу жүргізілуде. Сенатор Тасбай Симамбаев Үкіметтің бұл қолдауына шаруалардың алғыс жаудырып жатқанын мәлімдеді. «Бұл – ауылға деген үлкен қолдау. Еліміздің халқының жартысы ауылдық жерлерде тұрады», – деді ол. Сонымен қатар сенатор үкімет мүшелеріне қызықты ұсыныс та айтып қалды. Оның айтуынша, қазір үкімет астықты қанша сатып алса да зиян шекпейді. «Астықты жақсы сақтайтын болса 5-7 жыл бойына қоймаларда жата береді. Қазір 150 доллардан сатып алсаңыздар, екі-үш айдан соң оны бұдан әлдеқайда жоғары бағаға өткізуге болар еді. Ал қазір қаншама астық ашық аспан астында жатыр. Бүлініп, ысырап болып кетудің алдында тұр», – дейді депутат.

Қытайдың астық корпорациясы мен біздің «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» арасында 2008 жылдың басында келісім жасалған, алғышарт есебінде 10 мың тонна бидай тасымалдау туралы. Оның біраз бөлігі берілген, оны ұқсатқан қытайлық корпорация өзінің шешімін дайындап жатыр екен. «Ал өткендегі премьерлердің келісімі бойынша Қытайға бидай тасымалдауымыз үшін квота алуымыз керек екен. Оны мемлекеттік комиссия шешеді. Келесі айдың аяғында Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің  отырысы болады. Соның күн тәртібіне осы мәселені Сыртқы істер министрлігі арқылы шығарып жатырмыз», – деді ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Марат Оразаев.

Бюджеттегі өзгерістер берекеге бастайды
Тағы бір мәрте пысықталып жатқан үш жылдық бюджеттегі басты өзгерістердің бірі – мұнай бағасының жоғарылауы. Бұдан бұрын әлемдік экономикадағы аумалы-төкпелі жағдайға байланысты үкімет мұнайдың бір бареллінің құнын 40 доллардан ғана белгілеген болатын. Қазір мұнай бағасы біртіндеп көтеріліп келеді. Тіпті барған сайын қарқын ала бастағаны байқалады. Осыны ескерген үкімет «қара алтынға» белгіленген пессимистік бағаны 58 долларға көтеруге бел буыпты. Бұл қадам Парламенттің екі палатасында да ешқандай дау-дамайсыз мақұлданды. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың мәлімдеуінше, биыл еліміздегі мұнай өндіру көлемі де өткен жылғыдан арта түсіпті. «Жалпы ішкі өнімнің өсуі 0,1 пайыз деңгейінде бағалануда. «2009 жылдың соңында инфляция 8-8,5 пайыз деңгейінде болады» деп болжанып отыр. Бұл осыған дейінгі болжамнан 2,5-3 пайызға төмен», – деді жоғарғы палата өкілдері алдында сөз алған министр Бақыт Сұлтанов. Бұған дейін «инфляция жыл аяғында 11 пайызды құрайды» деп болжанып келген болатын. Яғни 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджеттегі бұл жолғы өзгерістер ел экономикасының оңала бастағанын көрсетіп отыр.

Осылайша, сенаторлар елордада қазан айының «қырманын» қорытындылап, белгілі бір нәтижеге қол жеткізгендей болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста