Айсұлтан Назарбаев жемқорларды "халық жауы" деп атады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан үстерінен жемқорлық сипатындағы қылмыстар үшін іс қозғалған жоғары лауазымды тұлғаларды халық жауы деп атап. Сонымен қатар ол, өзінің пікірінше қарамағындағы қызметкерлері үшін жауап беруге тиістілердің тектерін атап шықты.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан Назарбаев биліктің жоғары эшелонында соңғы уақыттары орын алған сыбайлас жемқорлыққа қатысты ұсталуларға байланысты пікір білдірді. Айсұлтан Назарбаев өзінің Facebook желісіндегі парақшасында әке болған сәттен бастап өмірінің көкжиегі қатты кеңейгенін айтып пост жариялады. "Білесіздер ме, менің қызым және оның болашаққұрбылары, бір түкпірінде оның болашақ күйеуі тұратын Қазақстан туралы ойламай бір күнім де өтпейді. Сондықтан бүгін ҚР азаматы ретінде, Президенттің немересі ретінде, менің білшуімше өзекті болып табылатын мәселелерге қатысты пікір білдіруді ұйғардым", — деп жазды ол. Айсұлтан Назарбаевтың атап өтуінше, "айтатын нәрсең бар кезде сөз сөйлеу бұл — артықшылық емес, міндет". Ал ол үшін "өмір көріп, өз Отанының патриоты болып қала берген белсенді адам ретінде салыстыратын да, айтатын да дүниелер бар". "Мемлекет басшысы Қазақстанды басқаруда мықтылық танытын, өзін жоғары ұстауда — батыс баспасөзін оқысаңыз, бұған көзіңіз жетеді. Ал оның айналасындағы белгілі адамдар кулуарда "билік транзиті" туралы жүз рет сөз қылып жатқанда, ол жай ғана жұмыс істеп жүр", — деп жалғастырды президент немересі. Ол, мемлекет басшысыныңкомандасында көп адамның барын, олардың дені — өз ісінің шеберлері екенін атап өтті. "Біра, өкінішке орай олардың кейбірі жұлдыз ауруын жеңе алмайды. (…) Бұл адамдар, өкінішке қарай елдің, халықтың мұңынан алшақ, өздерінің жеке пайдакүнемдік мүдделерімен шектеледі. Мұндай ауру адамдар ауыр мемлекеттік тапсырмаларды орындауға құлықсыз болып қалады. Олар менің атама екі есе жұмыс істеу керек кезінде несімен көмектеседі?", — деген сұрақ қойды өзіне жас жігіт.

Жемқорлар мен жағымпаздар

Айсұлтан Назарбаевтың атап өтуінше, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қазіргі басшысы Кәрім Мәсімов президенттің айналасын жемқорлар мен жағымпаздардан тазартып жатқан көрінеді. "Ешбір жерде "халық жауы" деген ескі ұғым қолданылмайтын болды. Біра, менің пікірімше, бұл ұғым жоғары эшелондағы шенеуніктердің кейбіріне өте орынды келеді. Өйткені, олар бір біріне емес, халыққа кесірін тигізуде. Атамды біле отырып, мен бұл ауыр жұмысты Мәсімов Қазақстан президентінің айналасындағыларды толық тазартқанша жалғастыратын нақты айта аламын", — деп жазды Айсұлтан Назарбаев. Мұндай жағдайда, президент немересінің атап өтуінше, ең бастысы жүйелі жұмысты "мыстандарды аулауға" айналдырмай, мақсат анық болуы тиіс – "ұрыларды ұстап, олардыңжазасын заң бойынша беру". Адал мемлекеттік қызметкерлер "жағдай ушыққан" секілді болып көрініп, қорықпауы тиіс. Барлық ушығу адамның жан-дүниесінен басталады. Себебі "ұры өзінің ұры екенін әрқашан біледі", — деп жалғастырды ол. "Жеке мен үшін Ұлттық банк төрағасы Ақышев, президент аппаратының басшысы Жақсыбековтар өз орнын сақтап қала ма, сол қызық? Олардың тікелей қоластындағы адамдарға ауыр жемқорлық, мемлекеттік қылмыстар жасады деп күдік келтіріліп отырған жоқ па? Ал мен аталған азаматтарды жақсы білемін және олардың ту сыртынан тығылып қандай да бір істер жүргізгеніне ешқашан сенбеймін… Тексерулер бізге Өтемұратов пен Тасмағамбетов мырзаның қолдарын былғаған-былғамағанын көрсетеді", — дейді Назарбаев.

Көкелердің дәуірі аяқталып келеді

Әйгілі есімдерді атаған Айсұлтан Назарбаевтың сөзіне қарағанда, жемқорлыққа белшесінен батқан адамдар аса көп емес. "Аллаға шүкір, мұндай фамилиялар шын мәнінде айтарлықтай көп емес. Олар туғызып отырған негатив елімізді бұлт үйіргендей жағдайға қалдыруда. Не дейміз, "көкелер" дәуірі аяқталып келе жатқан секілді. Қазақстан көз алдымызда өзгеріп келеді. ҰҚК-нің жаңа төрағасының осы қаптаған мәселелерді шешуге уақыты да мүмкіндігі де жетеді дегенге өз басым сенімдімін. Оның рөлі бүгінгі таңда ел үшін бұрынғыдан әлдеқайда маңызды болып отыр", — деп түйді ол. Ол жастарды Қазақстанның тұрақтылық пен тәуелсіздікті нығайтуға қарай бет алған стратегиялық бағытын нығайтуға шақырды. "Уақыт өте келе, біз бұл үшін, Қазақстанның болашағы үшін өз балаларымыздың алдында жауап беретініміз анық". "Жылдар өте келе, менің бой жетіп қалған қызым фейсбуктағы осы жазбамды оқитыны анық. Интернетте ешнәрсе жоғалмайды. Мен сол кезде оған Қазақстандағы жемқорлықты ертегідегідей еске алып отырамын деген үміттемін. Оған ел тізгінін әлдебір қара күштер басып алғысы келгенін, олар халыққа жақсылық тілемегенін айтып берермін… Бірақ кейіннен барлығы өзгерді", — деген арманда елбасының немересі.

 Sputnik

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста