«Айлықтан бөлек соғым береміз»: Алматы облысының шаруалары мал бағатын шопан таппай жүр

Алматы облысының шаруалары мал бағатын шопан таппай жүр. Шаруалар малшыларға айлықтан бөлек, азық-түлік, қысқы соғым беруге дайын болсақ та, малға келетін адам қалмады. Үкіметтің жем-шөпке арналған субсидиясы да түсіп болмайды» деп наразылықтарын білдірді.

 Алматы облысы Панфилов ауданы Қоңырөлең ауылында орналасқан шаруа қожалық басшысы екі айдан бері малшы таба алмай, мал басында өзі жүр. Жарты ай бұрын Алматының «Алтын Орда» базарынан мал бағамын деп келген 22 жастағы жігіт қажетті заттарын алдырып, қашып кетті, дейді кәсіпкер. 

«Қазір малға жанашырлықпен қарайтын малшы табу қиын. Ауылдағы ағайын мал баққысы келмейді, әйтпесе менің шаруа қожалығым ауылдың іргесінен 12 шақырым жерде орналасқан. Күн тоқ арқылы жарық келіп тұр, ауызсу бар. Жаз жайлау, қыс қыстау бір орында отырады, көшіп-қонудың қажеті жоқ. Төрт бөлмелі үй, монша да бар, тек адам аз демесеңіз. Ай сайын қолға жүз мың айлық, қысқа соғым, көктемгі түлікті жақсы алса, бір бұзау беремін. Бірақ осының өзіне адамдар келгілері келмейді. Ауылға түсіп тұрамын, сонда байқайтыным, ауылда отырғандардың аузы аққа тиіп отырғаны аз. Нан мен сүттің өзін дүкеннен сатып алады. Шағын ауылда мектеп пен әкімдіктен басқа жұмыс істейтін мекеме де жоқ. Жастардың көбі қалада, құрылыста істейді. Мал бағуға қазір жастар келмейді ғой, үлкендердің де айтарлықтай құлқы жоқ. Оның үстіне, «біреудің малын біреу ән айтып жүріп бағады» дегендей, көбі қыстап шығатын жылы орын іздеп келеді.

Жақында ұлым Алматының «Алтын Орда» базарына барып, бір жас жігітті әкеліпті. Келерде «бәрін қатырамын, алсаңыздар болды» деп келген. Киімін беріп, қолына телефон әперіп, азық-түлік, темекесіне дейін алып, қалаға кетсем қашып кетіпті. Бір ауыз адам сияқты айтса да ешкім оны ұстамайды ғой. Қазір мал бағуға қаңғыған үй-жайы, құжаты жоқ, араққа салынған, қыстан аман шығудың жолын іздеген адамдар келеді. Оларға сенім жоқ, үйім Алматыда, екі ай болды шаруа басында өзім жүрмін», - деді қожалық басшысы.

«МАЛШЫЛАР БІЗГЕ БАСТЫҚ»

Алматы облысы Кеген ауданына қарасты ауылдардың бірінде қожалығы бар шаруа (аты-жөнін айтқысы келмеді) да мал басында жүргеніме үш жарым айдан асты дейді. Бір ғана емес, бірнеше түлік ұстап отырған кәсіпкердің малшылардан әбден көңілі қалған.

«Малшыларым туралы бір роман жазуға болады. Мал шаруашылығымен айналысып келе жатқаныма 25 жылдан асты, талай адамды көріп келемін. Бір түсінгенім, мал бағуға оңған адам келмейді. Бәрі жылы үйде аяқты асып, ет жеп, айран ішіп жатқысы келеді. Бірақ, малды өріске ұзатып жаю, жем-шөбін уақытылы беруді білмейді ғой. Тура төбелерінен қарап жүрмесең бірігіп ішеді, төбелеседі. Мен қойға бөлек, сиырға бөлек малшы ұстайтынмын. Қазір бір көмекшім бар, малда өзім жүрмін. Коронавирус кезінде ақ ішеміз деп мал бағуға сұранғандар көп болатын, қазір де келіп-кетіп жатқандар бар. Шынын айтсам, малшы көшіруден шаршадым. Сонау Алматыдан «алып кетіңіз бізді, жағдай жоқ» деп хабарласады. Бәленбай километрге бензин құйып барып, көшіріп әкелесің, азық-түлігін әпересің, бала-шағасын киіндіресің. Екі-үш айдан кейін «ішіміз пысты, қайтайық деп едік» деп отырады. Ұрыссаң әйелдері қарғап, ит-теріңді басыңа қаптайды (күліп). Қазір біз малшылардан қорқамыз, олар бізге бастық. «Айналайын, әкем-көкем, сенікі дұрыс» деп отыратын болдық, кішкене қатты сөйлесең «кетемінге» басады. Қытай, Моңғолиядан келген қандастарды алайын десең, олар өз малымен келеді, жайылымыңа тегін малын жаюы былай тұрсын «айлық төле» дейді. Білмеймін, бұл малшыларды қайдан табуға болатынын… Көрші шаруа қожалығы Алматыдан екі қаңғыбас әкелген екен, ішіп алып екеуі төбелесіп, үйдің терезесін, ыдыстарын шағып тастаған. Танымайтын адамды да әкелуге қорқасың. Өзіміздің ауыл жақта мал бағатын адам қалмады ғой, соған қарағанда халықтың жағдайы жақсы сияқты», - деді кәсіпкер.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ СУБСИДИЯ БЕРМЕЙ ОТЫР

Сондай-ақ, шаруалар Алматы облысы әкімдігінің жергілікті бюджетінен малдың қысқы жем-шөбіне берілуі тиіс субсидияның әлі берілмей жатқанын айтты.

«Сыбаға» бағдарламасымен несие алған шаруалардың әр аналық басына облыстық бюджеттен ақша бөлінеді. Жем-шөп маусымы өтіп кеткелі қашан, қыстың көзі қырау болды. Субсидиямызды әлі ала алмай отырмыз. Хабарлассаң «биыл аласыздар, құжаттар дайын болмай жатыр» деп айтады. Ол не деген бітпейтін құжат екенін біле алмадық. Өздері жем-шөп жинап көрмеген шенеуніктерге біздің жағдайды түсіну қайда?! Жыл аяқталайын деп қалды, біз «күнде ертеңмен» келе жатырмыз. Жаңалықтардан «субсидияның бәрін өздері жеп қойған» деп айтып жатыр, біздің ақша да сол біреудің қалтасында жүрген болар... Естуімізше, олар миллиондаған қаражатты банкке салып қойып, пайызын өсіреді. Кейін жылдың соңы таяғанда көңілдері түссе береді, көңілдері түспесе «биыл сіз тізімге енбей қалдыңыз» деп бар кінәні өзіңе жаба салады. Ал, сосын дәлелдеп көр.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі облысқа әміріміз жүрмейді дейді, облыстағыларға бірдеңе десең басың бәлеге қалады. Сол үшін сізге атымды жазбасаңыз деп отырмын. Ертең қыр соңыма түсіп алады. Үкімет ауыл шаруашылығын дамытайық дейді, бірақ бізге қарайласып жатқан шенді жоқ. Жылда сол субсидияның дауымен жүреміз. Қазір одан үміттенбейтін де болдық. Біз несиенің уақытын кешіктірсек күніне пайыздық мөлшерлеме қосылады, ал олар кешіксе ештеңе болмайды», - дейді шаруалар.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА 1,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН

Алматы облысының шаруалары не себепті жем-шөп азығына бөлінген субсидияны әлі күнге ала алмай отырғанын АШМ баспасөз қызметі мен облыстың Ауыл шаруашылығы бөлімінен сұрадық.

«2021 жылдың 29 қазанында бюджетті нақтылау кезінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау үшін 2021 жылға жергілікті бюджеттен ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басына жем-шөп шығындарының құнын арзандатуға қосымша 1,8 млрд. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасымен ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату бойынша қағида жобасы әзірленіп, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда келісілуде және қаулы жобасы ашық НҚА порталында және облыс әкімінің сайтында талқылануда. Осылайша, қаулы жобасы бекітілген соң, тиісті субсидия төленетін болады», - деді Ауыл шаруашылығы баспасөз қызметі.  Ал, облыстың ауыл шаруашылығы бөлімі құжаттар әлі күнге дейін қарауда жатқанын алға тартты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста