"Аяқ-қолдары сынған, қанға боялған": ұшақ апатынан аман қалғандар оқиға жайында айтып берді

Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшқан ұшақ апатқа ұшырады. Төтенше жағдай Гүлдала ауылында болды. Он екі адам үшін бұл соңғы рейс болса, он жолаушы қалалық ауруханада ауыр хәлде жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия бірінші» арнасына сілтеме жасап.
Bek Air ұшағы Алматыдан таңғы сағат 07:05 уақытта әуеге көтерілген. Төрт минуттан кейін радар желісінен үзіліп кеткен. Ұшақ жаңадан тұрғызылып жатқан екі қабатты үйдің үстіне құлаған.

«Әуе кемесі алдымен оңға бұрылған. Содан кейін қайта ұшуға ұмтылған. Бірақ ұшақ бірден жерге түсіп жер үйдің қақпасына барып соғылған. Абырой болғанда үйде ешкім болмаған. ӘФуе кемесі екіге бөлініп кеткен», – дейді ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр.

Бортта 93 жолаушы, 5 экипаж болған. Оның екеуі Украина азаматы, екі қырғызстандық және қытай азаматы болған.
Қазіргі мәлімет бойынша он екі адам қайтыс болды. Оның ішінде ұшқыш та бар. Көбінесе ұшақтың алдыңғы орнында отырған жолаушылар зардап шеккен.

Апаттан аман қалған Гүлнар Кәшенова қалай болғанын айтып берді.

«Біраз уақытқа дейін неге екені ұша алмай тұрды. Ұшақ дірілдеп тұрды. Содан жоғары қараай көтеріле бастағанда одан сайын дірілдеп қоя берді. Қатты сілкініс болды. Жарық өшіп-жанды, жоғарыдағы багаждар құлай бастады. Барлығында қорқыныш басталып, айғайлады. Бірі авариялық есікті сіндіріп, барлығымыз соған қарай жүгіре бастадық. Содан кейін зардап шеккендерді шығардық. Балалар көп еді. Аяқ-қолдары сынған, қанға боялған. Мен ұшақтан аман-есен шыққаныма қатты қуанамын», – дейді Гүлнар.

Гүлдала тұрғыны Райхан Тайжахметова таңертең қатты дүрсілді естігенін айтады. Содан кейін жедел жәрдем келген. Олар қорыққандарын айтады.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста